Accessibility links

Әзербайжан журналисіне "тыңшы" деген айып тағылды


Әзербайжан журналисі Рауф Миркадыров Азаттықтың Бакудегі бюросында. 14 қыркүйек 2009 жыл.
Әзербайжан журналисі Рауф Миркадыров Азаттықтың Бакудегі бюросында. 14 қыркүйек 2009 жыл.
Әзербайжан билігі белгілі журналист Рауф Миркадыровқа ресми түрде "тыңшылық жасады" деген айып тақты.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Рауф Миркадыров "2008 жылы Армения арнайы қызметіне кіріп, Ереванға Әзербайжанның мемлекеттік құпияларын жеткізіп отырған".

Журналист үш айға қамалды. Бұл уақытта оның үстінен тергеу жалғасады. Ол "Арменияда, Грузияда және Түркияда армян агенттерімен бірнеше рет кездесіп, оларға Әзербайжанның қауіпсіздігі мен қорғанысына зардап келтіретін суреттер мен құжаттар берген" деген күдікке ілінген.

Миркадыров 19 сәуірде Түркиядан депортацияланғаннан кейін Бакуде қамауға алынған.

Әзербайжан мен Арменияның қарым-қатынасы Таулы Қарабах аймағына қатысты шиеленісіп кеткен. Әзербайжанға тиесілі болған бұл аймақты 1990 жылдардың басында Ереванның қолдауымен армян сепаратистері басып алған еді.
XS
SM
MD
LG