Қояндыдағы жер дауы
Астананың іргесіндегі Қоянды ауылына негізінен Қытай мен Моңғолиядан қоныс аударып келген қазақтар елдімекенген кіреберістегі даулы аумаққа үй салып жатыр. Олар жер телімі үшін 2013 жылы өздерінен ақша жинап алған адам жерге ешқандай құжат бермегенін, кейін ол адамды сотқа бергендерін айтады. Ауыл әкімі оларға жекеменшік бір мекеменің иелігіндегі бұл жерге өз бетінше үй салудың заңсыз екенін ескерткен. Қоянды, 27 қазан 2014 жыл. Видеоның авторы - Жалғас Сапарбек.