Accessibility links

ТЖК: Эвакуацияланған адамдар саны мыңнан асты


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.
Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Төтенше жағдайлар комитетінің есебі бойынша, Алматыдағы селден 130 жуық үйді және екі мектепті су алған, кем дегенде алты адам ауруханаға түскен.

Бұған қоса комитет эвакуацияланған адамдардың саны мыңнан асқанын да хабарлады.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қазір селге себеп болған Қарғалы өзенінде жағдай бір қалыпты, Алматы қаласында екінші рет сел жүру қаупі жоқ.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG