Accessibility links

Ауғанстанда экс-депутат пен оның оққағарын атып кетті


Кабулдағы ауған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Кабулдағы ауған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Кабулда Ауғанстан парламентінің бұрынғы депутаты мен оның оққағарын атып кетті деп хабарлады осы елдің ішкі істер министрлігі (ІІМ). Министрлік өкілі Наджиб Даниш экс-депутат Рафиулла Гүл Ауған мен оның оққағарын олар 24 ақпан күні кешке Кабулдың солтүстігіндегі Хайр Хан ауданында көлікте кетіп бара жатқанда атып кеткенін айтады. Белгісіз қарулы адамдар олар мінген көлікке оқ жаудырған. Наджиб Даниш шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткенін, оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Рафиулла Гүл Ауған Ауғанстан парламенті жоғарғы палатасы төрағасының орынбасары болған және бертінге дейін премьер-министр Абдулла Абдулланың кеңесшісі болып істеген.

Экс-депутатқа жасалған қастандықты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG