Швеция соты "Стокгольм орталығында теракт жасады" деп айыпталған Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов өмір бойы түрме жазасына кесті.
Акилов осыған дейінгі сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыпты жартылай мойындап, терактіні "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы лидерлерінің бірінің талабы бойынша жасағанын айтқан.
40 жастағы Рахмат Акилов былтыр 7 сәуірде бөтен кісінің жүк көлігін айдап әкетіп, Стокгольмнің орталығында топ кісіні соғып өтіп, одан сауда үйіне соғылып өртенген. Шабуылдан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған.
Оқи отырыңыз: "Өзбекстан ислам қозғалысы" ИМ тобына қосылды
Акиловтың адвокаты Йохан Эриксон ол теракт жасау арқылы Швеция үкіметін "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымына қарсы халықаралық коалициядан шығаруды көздегенін айтқан.
ПІКІРЛЕР