Accessibility links

Франция Интерпол экс-басшысының жоғалуын тергеуді тоқтатты


Мэн Хунвэй, Интерполдың бұрынғы басшысы.
Мэн Хунвэй, Интерполдың бұрынғы басшысы.

Франция Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвэйдің жоғалуына қатысты іс бойынша бойынша тергеу жүргізуді тоқтатты. Бұл туралы Associated Press агенттігі тергеуге жақын дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, тергеушілер Хунвэйге қарсы қылмыстың Франция аумағында жасалғанына айғақтар таппаған. Дереккөз Мэн Хунвэйдің әйелінің өзіне "қытай тілінде әлдебір қоқан-лоқы жасалғаны" туралы хабарламасы расталмағанын айтады.

Бұған дейін Қытай билігі Мэн Хунвэйден сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктенетіні хабарланған. Интерполдың бұрынғы басшысы 25 қыркүйекте Қытайда ұшақтан түскен бойда тұтқындалған. Әйелі Мэн Грейс күйеуімен байланыс үзілерден бірнеше минут бұрын оның телефонынан "Қоңырауымды күт" деген хабарлама, сосын пышақ бейнеленген эмоджи келгенін айтқан. Бұдан соң күйеуімен байланыс үзілген.

Мэн Хунвэйдің отбасы Интерполдың штаб-пәтері орналасқан Лионда тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG