Accessibility links

Душанбе: Экстремистік ұйымдардың ондаған мүшесі елге оралды


Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамында болған тәжікстандық жігіттің биліктің кепіл болуымен еліне оралған сәті.
Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының құрамында болған тәжікстандық жігіттің биліктің кепіл болуымен еліне оралған сәті.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) соңғы тоғыз айда "Ислам мемлекеті", "Ансорулло" және "Салафия" секілді экстремистік ұйымдардың 163 мүшесі "істеген ісіне өкініп, елге оралғанын" мәлімдеді.

Тәжікстан СІМ өкілі Кудратулло Гуломов шетелде ислам университеттерінде заңсыз оқып жатқан студенттердің де бар екенін айтты. Тоғыз ай ішінде олардың 68-і еліне қайтарылған.

Кудратулло Гуломов министрлік жергілікті тұрғындарға үгіт-насихат жүргізу арқылы экстремистік ұйымдарға алданып кіргендерді елге қайтарып жатыр дейді. Оның сөзінше, халықпен кездесу кезінде билік өкілдері азаматтарға егер істеген ісіне өкініп, елге оралса, оларға кешірім жасалынатынын айтып жатыр.

Тәжікстан билігінің қыркүйек айында жариялаған соңғы мәліметі бойынша, Тәжікстанның 1900 азаматы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылып, Сирия және Иранда соғысып жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG