Accessibility links

Байқоңырда "Союз МС-11" кемесін ұшуға даярлап қойды


Ресейлік ұшуды басқару орталығы. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік ұшуды басқару орталығы. (Көрнекі сурет.)

"Союз МС-11" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағындағы №1 "Гагарин старты" алаңындағы ұшу кешеніне қойылған. Бұл туралы ақпарат ресейлік "Роскосмос" ғарыш мекемесінің ресми сайтында жарияланды.

Зымыран-тасығышы желтоқсанның 3-і күні Астана уақытымен сағат 17:30-де ұшыру жоспарланған. "Роскосмос" ақпаратында МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажы құрамында ғарышкер Олег Кононенко, астронавтар Давид Сен-Жак пен Энн Макклейн бары жазылған.


Қазанның 11-і күні Байқоңырдан "Союз МС-10" кемесін тіркеп ұшқан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген соң көп ұзамай апаттық жүйе іске қосылып, соның арқасында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 километр қашықтыққа қонған. "Роскосмос" мәліметінше, апатқа зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің ақауы себеп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG