Accessibility links

Шыңжаң басшысы "концлагерьді" жоққа шығарды


Шыңжаң басшысы "концлагерьді" жоққа шығарды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің халықтық үкіметінің төрағасы Шохрат Закир халықаралық қауымдастықта дау тудырған орталықтарды “концлагерь”, “қайта тәрбиелеу лагері” деп атау дұрыс емес деп санайды. “Кейбір адамдар Шыңжаңда "концентрациялық" немесе "қайта тәрбиелеу лагерьлері" бар деп айтады. Мұны кейбір адамдар ойдан шығарған және олардың айтқандары өтірік. Бұл - ақылға қонымсыз нәрсе. Қытай - алып мемлекет. 1,4 миллиардтан астам халқы бар. Мұнда тұтас мемлекетке ортақ тілді білмесеңіз, қоғамда түрлі қиындыққа кезігесіз. Жұмыс табу да қиын болады”. Шыңжаң өлкесінің басшысы айтқан қамау орталықтарында БҰҰ дерегінше, миллионға дейін мұсылман отыруы мүмкін. Қытай билігі оларды түрлі кәсіпке баулып, қытай тілін үйрететін орталық ретінде көрсетуге тырысады. Ал Батыс елдері және лагерьде болған азаматтар олардың түрмеге ұқсайтынын, қысым мен азаптау барын айтады.

XS
SM
MD
LG