Қазақстан ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған Тимур Сүлейменов елдің уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды. Ал Берік Құрманғали президенттің баспасөз хатшысы болады. Бұл туралы 22 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Берік Уәли бұған дейін республикалық телеарналарда жүргізуші, министр кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы болған. Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған Айдос Үкібай басқа қызметке ауысқаны хабарланды.
Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.
Билік басына совет заманында көтерілген Назарбаев әуелі экономиканы дамыту саясатын ұстанатынын жиі мәлімдеген, бірақ халықаралық және жергілікті құқық қорғау ұйымдары оны қоғамды демократияландыруды тежеді, отбасы мүшелерін мемлекет қызметі мен ірі бизнес саласына орнықтырды деп сынап келген.
ПІКІРЛЕР