Accessibility links

Әділет министрлігі: Тоқаевтың шетелде қызмет еткені сайлауға түсуіне кедергі емес


Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауының уақытын жариялаған сәт. Астана, 9 сәуір 2019 жыл.
Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауының уақытын жариялаған сәт. Астана, 9 сәуір 2019 жыл.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Женевада қызмет еткені оның президент сайлауына қатысуына кедергі емес. Бұл туралы Қазақстан әділет вице-министрі Наталья Панға сілтеме жасаған басылымдар хабарлады.

Панның сөзінше, Тоқаев шетелде Қазақстан тапсырмасымен қызмет бабында болғандықтан, оның сайлауға қатысуына болады.

Тengrinews.kz ақпарат агенттігі мәжіліс төрағасының орынбасары, депутат Гүлмира Исимбаеваның "Тоқаев басқа дипломаттар сияқты заң бойынша сайлауға қатыса алады. Себебі (дипломаттардың) қызмет бабымен шетелде жүруі іс-сапар саналады. Шетелде қызмет етті деп есептелмейді. [Тоқаевтың сайлауға қатысуына] ешбір құқықтық шектеу жоқ" деген сөзін келтіреді.

Депутаттың сөзінше, "Нұр Отан" сайлауға бір кандидат шығарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры болған. Конституция бойынша, Қазақстан президенті болып соңғы 15 жыл елде тұрған азамат қана сайлана алады.

Қазақстанда президент сайлауы биыл 9 маусымда өтеді.

9 сәуірде, мемлекеттік арналардан мәлімдеме жасамас бұрын, Тоқаев Ақордада Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG