Accessibility links

Жұрт министрлік алдында белсенді Ағаділді еске алды


Жұрт министрлік алдында белсенді Ағаділді еске алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

25 ақпан түнде Қазақстан ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында ондаған адам белсенді Дулат Ағаділді еске алып, шам жақты. Дулат Ағаділ 25 ақпан күні таңертең тергеу изоляторында қайтыс болған. Ресми ақпаратта оның "жүрегі тоқтап қалғаны" айтылады. Бірақ белсендінің жақтастары мен серіктері бұл мәлімдемеге сенбейді және "оның өліміне билік жауапты" деп есептейді. Дулат Ағаділді қайтыс болар алдында 24 ақпан күні түнде полиция үйінен алып кеткен. Оған "судьяны балағаттады, ар-намысына тиді" деп қылмыстық іс қозғалған. Белсенді билікті көптен бері сынап, митингілерге қатысып жүрген. Былтыр бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған.

XS
SM
MD
LG