Accessibility links

Қазақстанда бес адамнан коронавирус табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуірде күндізгі сағат 14:55-те бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Маңғыстау облысында - 1, Атырау облысында - 3, Алматы қаласында - 1 адамға вирус жұққаны анықталған.

Жалпы елде коронавирус жұқтырғандар 764 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 223
  • Алматы қаласы – 120
  • Қызылорда облысы – 92
  • Қарағанды облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 56
  • Түркістан облысы – 34
  • Атырау облысы – 42
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Шымкент қаласы – 27
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 11
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Маңғыстау облысы – 7
  • Қостанай облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 4
  • Павлодар облысы – 1

Қазақстанда коронавирустан 55 адам жазылған (Нұр-Сұлтанда - 30, Алматыда - 23, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1). Жеті адам қайтыс болған.

8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмды. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған.

Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG