Accessibility links

Комиссия "Арқалықтағы науқас коронавирустан қайтыс болған жоқ" деп санайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасындағы комиссия "25 сәуірде коронавирустан қайтыс болды деп хабарлаған Арқалықтың 84 жастағы тұрғынының өлімінің себебі COVID-19 емес" деген шешім қабылды. Бұл туралы 30 сәуірде денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, тұрғын 25 сәуірде үйінде қайтыс болған.

Басқарма "Арқалық тұрғыны артериалдық гипертония, гипертензивті энцефалопатия" диагнозымен қалалық емханада тіркеуде тұрғанын, кейінгі екі айда үйіне бірнеше рет жедел жәрдем шақырғанын" алға тартады.

Комиссия "тұрғынның жасы келіп қалған, созылмалы аурулары болды, жүрек-қан айналым жұмысының бұзылуынан көз жұмды. Ал коронавирус табылуы жанама әсер еткен" деген қорытынды шығарған.

Қазақстан үкіметі бұған дейін де Алматыда коронавирус жұқтырған 97 жастағы зейнеткердің өлімінің себебі COVID-19 емес" деген қорытындыға келген.

Қазақстанда қазір 3350-ден асты. 858 адам дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі елде мамырдың соңына дейін 5300 адамға виру жұғады деп болжайды. Қазақстанда коронавирус тарауына байланысты 11 мамырға дейін төтенше жағдай.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG