Accessibility links

Covid: 930 науқас анықталды, 7 адам қайтыс болды


Рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Рентген суретіне қарап тұрған медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

15 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген 749 адам анықталды, 181 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 7 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, олардың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында (86) тіркелген. Павлодар облысында - 80, Алматы қаласында - 77, Қостанай облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Наурыз айынан бері 143 735 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Содан бері 2 159 адам Covid-тен қайтыс болған. 128 218 адам жазылған.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 44 155 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 31 767-і жазылған. 466 адам пневмонияның осы түрінен қайтыс болған.

Қазір 13 мыңнан астам- коронавирустан, 12 мыңға жуық адам коронавирус пневмониясынан емделіп жатыр. 4 163 пациент стационарда жатыр. 251 адамның жағдайы - ауыр, 38 адамның жағдайы - өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Кейбір мамандар Қазақстанның ресми орындары таратқан коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды. Олардың пікірінше, билік науқастар санын азайтып көрсетуі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG