Accessibility links

Лукашенко Ryanair рейсінде бомба бар деген сигнал Швейцариядан түсті дейді


Александр Лукашенко.
Александр Лукашенко.

Жексенбі күні Ryanair ұшағына бомба қойылғаны туралы ақпарат Швейцариядан келіп түсті. 26 мамырда Беларусь парламентінде сөз сөйлеген Александр Лукашенко осылай деп мәлімдеді. Афиныдан Вильнюске қарай ұшып бара жатқан ұшақ осыдан соң Минскіге қонуға мәжбүр болып, салонда отырған оппозициялық журналист ұсталған еді. Батыс елдері Беларусь билігін айыптап, әуе қауіпсіздігі мәселесін көтерген.

Сәрсенбі күні оқиғаға қатысты алғаш рет түсініктеме берген Лукашенко "ұшақты БелАЭС маңында бұрды. Ал егер кенет АЭС-тің қауіпсіздік жүйесі толық әскери дайындыққа көшкен болса ше? Мен адамдарды қорғай отырып, халықаралық ережеге сәйкес заңды әрекет еттім" деді ол. Оның сөзінен Tut.by сайты үзінді келтірді.

Ол ұшақты МиГ-29 истребителінің көмегімен қонуға мәжбүрлемегенін, әскери ұшақтың міндеті байланысты қамтамасыз етіп, төтенше жағдайда жолаушылар ұшағын қонуына жағдай жасау еді деді.

Лукашенко "ұшақта террорист болды және оны " деп мәлімдеді. Ол "террорист" деп Ryanair ұшағы дереу қондырылғаннан кейін Минск әуежайында ұсталған оппозициялық журналист Роман Протасевичті меңзеса керек.

Қарулы топтың экипаж бен жолаушыларды әуежайда ұстап тұрғаны туралы ақпаратты ол "кезекті сандырақ" деп атады.

Парламент пен конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік басқару органы өкілдерімен кездесу кезінде Лукашенко Батыстың оқиғаны "ауыр қабылдағанына" таңғалғанын жеткізді.

"Ұшақ Минскіге қонып та үлгермей, Батыс тарабынан айыптаулар мен ұшуға тыйымдар қарша борады" деді ол.

  • 23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға бара жатқан FR497 рейсі кенеттен бағытын өзгертіп, Минскіге қонуға мәжбүр болған. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп ұшақты Минскіге бұрған. Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист, NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман Протасевичті тұтқындады. Ұшақты бұруға Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенконың өзі бұйрық берген.
  • Роман Протасевич соңғы кездері "Беларусь головного мозга" телеграм-арнасын жүргізіп келген. Ол – Александр Лукашенкоға қарсы жаппай наразылық шерулерінен хабар таратқан NEXTA телеграм-арнасының негізін қалаушылардың бірі. Беларусь билігі бұл арнаны экстремистік медиа деп санайды. Билік Протасевичке халықаралық іздеу жариялап, оны "террористер тізіміне" қосқан. Ол бірнеше жыл бұрын қауіпсіздік мақсатында Беларусьтен кетіп қалған. 23 мамырда онымен бірге досы, Вильнюстегі Еуропа гуманитарлық университетінің студенті София Сапега да ұсталған. 25 мамырда ол екі айға қамалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG