Accessibility links

Оралда аштық жариялаған белсенді қамалған соң акцияға басқа адам қосылды


Амангелді Оразбаев зейнетке шығу жасын төмендетуді және зейнетақыны көтеруді талап етіп жалғыз адам пикетін өткізіп тұр. Орал, 17 наурыз 2021 жыл.
Амангелді Оразбаев зейнетке шығу жасын төмендетуді және зейнетақыны көтеруді талап етіп жалғыз адам пикетін өткізіп тұр. Орал, 17 наурыз 2021 жыл.

Оралда тұратын 64 жастағы белсенді Амангелді Оразбаев билікке саяси талап қойып, бір аптадан астам уақыт аштық акциясын өткізген. Билік белсендіні "заңсыз жиынға қатысты" деген айыппен қамаған соң, аштық жариялап жатқан өзге екі адамға 2 шілде күні 57 жастағы Бекболат Өтебаев қосылды. Акцияға қатысушылар қамаудағы Оразбаевтың аштықты жалғастырып жатқанын айтады.

Аштық жариялаған азаматтар биліктен тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы мен "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" деп танып, тыйым салған астанадағы Есіл аудандық соты шешімінің күшін жоюды талап етіп отыр.

– Амангелдіні тұтқындаған соң, әуелде үш адам бастаған акцияға қатысушы саны азаймасын деп оған қосылуды ұйғардым. Өзім сондай шешім қабылдадым, белсенділеріміздің талабын қолдаймын – Есіл сотының шешіміне қарсымын, – дейді Өтебаев.

Бұған дейін Оралдағы наразылық акциясына қатысушылардың бірі Мәруа Ескендірова денсаулық жағдайына байланысты аштықты тоқтатқан. Кейін билік оны жауапқа тартып, әкімшілік қамауға алған. Ескендірованың орнына аштық жариялап жатқандарға азаматтық белсенді Орынбай Оқасов қосылған.

Қазір Өтебаев пен Оқасовпен бірге Дастан Базенов аштық акциясына қатысып жатыр.

Акцияға қатысушылардың сөзінше, олар өз талаптарын айтып, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроға, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасына, ресми үндеу жолдаған. Орынбай Оқасов биліктен әзірге ешқандай жауап болмағанын айтады.

Белсенділердің "Аштық акциясы" басталғанына бір аптадан асты

Белсенділердің "Аштық акциясы" басталғанына бір аптадан асты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:45 0:00

Орал қаласы әкімдігі мен қалалық ішкі саясат бөлімінен комментарий алуға талпынған Азаттық тілшісінің телефон қоңырауына ешкім жауап бермеді.

Дәл осындай талаппен Алматы мен Нұр-Сұлтанда да белсенділердің аштық жариялап жатқанына екі апта болды. Шымкентте аштық жариялаған белсенділер 1 шілдеде акцияны қала әкімдігінің алдында жалғастырмақ болған еді, билік өкілдері оларды сол жерден күштеп алып кетті. Кейін олардың екеуін 15 тәулікке қамап, біреуіне айыппұл салды.

"Біз жеңеміз!" Аштық акциясы жалғасып жатыр

"Біз жеңеміз!" Аштық акциясы жалғасып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Еуропарламент резолюциясында ҚДТ мен "Көше партиясы" бейбіт оппозициялық ұйымдар ретінде аталады. Құқық қорғаушылар билік осы екі ұйымға қатысқан деген айыппен 300-ге жуық адамды қудалауға салды дейді. Билікті сынайтындар белсенділерге қарсы қозғалған істің саяси астары барын айтады.

Билік аштық акциясына ешқандай реакция білдірмеді. Ресми Нұр-Сұлтан елде саяси қудалау барын мойындамайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG