Accessibility links

Нұрлан Ермекбаевтың орынбасары Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болды


Генерал лейтенант Мұрат Бектанов.
Генерал лейтенант Мұрат Бектанов.

Жамбыл облысындағы әскери қойманың жарылуына байланысты қызметінен кеткен Нұрлан Ермекбаевтың орнына Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілігі таратты.

1965 жылы туған генерал-лейтенант Мұрат Бектанов 2020 жылы 5 сәуірден бастап Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орындасары - Бас штаб бастығы қызметін атқарған, 2016-2019 жылдары Құрлық әскерінің бас қолбасшысы болған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі қызметін атқарған Нұрлан Ермекбаевтың Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылғаннан кейін отставкаға жіберу жөнінде өтінішін қабылдаған.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатқаны, апаттан 98 адам жараланғаны хабарланды.

Жексенбі, 29 тамызда – Қазақстан әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтты.

Нұрлан Ермекбаев Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы оқ-дәрілер Арыс қаласындағы әскери қоймадан әкелінгенін айтқан болатын.

2019 жылы 24 маусымында Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы жарылып, төрт адам қаза тапқан еді. Жарылыстан мыңдағын үй зақымданып, Арыстың 40 мыңнан астам тұрғыны Шымкент қаласы мен төңірегіндегі елдімекендерге эвакуацияланған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жарияланып, Арыс қаласындағы әскери қоймаға жауапты 16 адам 2021 жылы шілдеде сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG