Accessibility links

Боранқұл кенішінде жатақханадағы өрттен кемінде екі адам қаза болды


Маңғыстау облысындағы мұнай кеніші.
Маңғыстау облысындағы мұнай кеніші.

Дүйсенбі күні Маңғыстау облысы Боранқұл кенішіндегі жатақханадан өрт шығып, кемінде екі адам қаза болды, үш адам жарақат алды. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Маңғыстау облысы Боранқұл кенішінде "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы ЖШС-інің екіқабатты жатақханасынан өрт шықты. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің салдарынан екі адам қаза болды, үш адам зардап шекті" делінген компания хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірілген. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіздің" өртпен күрес қызметінің өкілдері қатысқан.

"Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" бөлімшесінің басшылығы жетті" делінген хабарламада.

Мұнай-газ және газ конденсаты өндірілетін Боранқұл кеніші Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Құлсары темір жолы станциясының оңтүстігіне қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG