Accessibility links

Омикрон Еуропаға жетті, әлем елдері шектеу шараларын күшейте бастады


Бельгия әуежайы.
Бельгия әуежайы.

27 қарашада Еуропаның бірнеше мемлекеті Оңтүстік Африкада анықталған коронавирустың мутацияға жылдам ұшырайтын және тез таралатын түрі тіркелгенін хабарлады. ДДСҰ "Омикрон" деп атаған коронавирустың жаңа түрі Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Дания, Чехия, Израиль және Италияда анықталған. Бұл елдерге вирус көп жағдайда Оңтүстік Африкадан барған жолаушылар арқылы келген. Әлем елдері Омикрон тіркелген елдерден келетін ұшақтар санын жаппай шектеп жатыр.

Осы аптада Оңтүстік Африкада тарала бастады деген коронавирустың жаңа түрі ғалымдарды алаңдатып отыр. АҚШ үкіметінің жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшысы доктор Энтони Фаучидің айтуынша, омикрон АҚШ-та әлі анықталмағанмен, қазір тіркеліп жатса, таңғалмайтынын айтты.

"Тез жұғатын вирусқа тап болған кезде және ол саяхаттап жүрген туристерден табылған болса, іс жүзінде ол барлық жерге таралады" деді Фаучи.

Омикрон жайлы ақпарат әлі аз. Ғалымдарға оның вакцинаға әсерін, таралу жылдамдығы мен ауруды асқындыру деңгейі, емдеу жолын түсіну үшін бірнеше апта керек. Денсаулық сақтау саласының көптеген сарапшылары Омикронды қазіргі вакциналар тежей алмауы мүмкін деп болжайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG