Accessibility links

АҚШ Жоғарғы соты Джо Байденнің міндетті екпе жайлы жарлығының күшін жойды


Екпе пункті.
Екпе пункті.

АҚШ Жоғарғы соты 13 қаңтарда президент Джо Байденнің орта және ірі компаниялардың қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина алуды міндеттеу туралы жарлығын жойды.

2021 жылы қарашада Огайо штаты мен тәуелсіз бизнестің ұлттық федерациясы 100 кісіден асатын компанияларда міндетті вакцина жүргізу жөніндегі жарлыққа қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірген.

7 қаңтардағы отырысында тараптардың сөздері тыңдалып, судьялардың алтауы бұйрықты қолдаса, үшеуі қарсы болған.

Судьялардың бірі Жон Робертс "осыған дейін федерал үкіметі ешқашан мұндай қадамға бармағанын білдірген. Сонымен бірге судья Елена Каган Ақ үйдің адвокаттары келтірген жүйелерді атап өтіп, екпеден басқа шаралардың бірі де коронавирустың жайылуын тоқтата алмайтынын айтқан.

Сот шешіміне сәйкес, Medicare және Medicaid деп аталған мемлекеттік медициналық сақтандыру бағдарламасынан қаражат алған медициналық орындардың, оның ішінде ауруханалар мен қарттар үйлерінің қызметкерлерін міндетті түрде екпеден өткізу талабын күшінде қалдырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG