Accessibility links

ДДСҰ "Омикронның" жылдам тарауына алаңдайды


Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы Нидерланды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы Нидерланды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 28 желтоқсанда коронавирустың жаңа түрі "Омикрон" ауруды асқындырмаса да, денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін, бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандар рекордтық көрсеткішке жетті деп мәлімдеді.

Қытай мен Еуропаның көптеген елі індетті тежеу үшін карантинді күшейтті. Ақпаратқа қарағанда, 24 желтоқсаннан бері әлемде түрлі бағыт бойынша 11 500 рейс "Омикронға" байланысты қызметкерлер саны қысқарғандықтан ұшпай қалған.

Франция, Италия, Португалия мен Ұлыбритания Рождество мерекесінен кейін науқастардың рекордтық көрсеткішін тіркеді. АҚШ-та кейінгі екі аптада науқастар екі есеге көбейген.

Сарапшылар жылдам әрі оңай тапсыратын коронавирус тесті болмағандықтан және коронавирус симптомсыз немесе тұмауға ұқсас күйде келгендіктен шын мәнінде науқастар көрсеткіші ресми деректен әлдеқайда көп болуы мүмкін деп топшылайды.

ДДСҰ "Омикрон" ауруды асқындырмаса да оған жайбарақат қарауға болмайтынын ескертті. ДДСҰ-ның Еуропадағы ковид мәселесі бойынша үйлестірушісі Кэтрин Смолвуд "Омикронның" жылдам тарауы ауруханадағы науқастардың, оның ішінде вакцина алмаған науқастардың көбеюіне әсер етіп, денсаулық сақтау жүйесі мен өзге де негізгі қызмет көрсету саласына салмақ түсіріп жатыр деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG