Accessibility links

Ресейде Навальный мен оның бірнеше серігі террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді


Алексей Навальныйды қолдау митингісі.
Алексей Навальныйды қолдау митингісі.

Ресейде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный террористер мен экстремистер тізіміне енгізілді.

Тізімге сонымен бірге саясаткердің жақтастары мен үзеңгілес әріптестері атап айтқанда, Жемқорлықпен күрес қорының заңгері Любовь Соболь, қор қызметкерлері Георгий Албуров пен Руслан Шаведдинов, штабтың Уфадағы бұрынғы үйлестірушісі Лилия Чанышева, штабтың Иркутскідегі бөлімшесінің бұрынғы үйлестірушісі Захар Сарапулов та қосылған.

Былтыр қыркүйек соңында тергеу комитеті Навальныйға қылмыстық іс қозғап, "экстремистік ұйым құрды және жетекшілік етті" (282.1-бап, 1-бөлігі ) деп айып таққан. Бұл іске саясаткерлер Леонид Волков пен Иван Жданов та тартылған.

  • Былтыр 17 қаңтарда Алексей Навальный емделгеннен кейін Германиядан Мәскеуге оралған. Келе сала саясаткер бірден қамауға алынды, артынша 2014 жылғы қылмыстық іс бойынша түрмеге жабылды. Еуропа соты аталған істің заңсыз екенін айтқан.
  • Навальный бір жыл түрмеде отырған кезде билік оппозиционермен байланысты-дерлік саяси құрылымдардың бәрін жапты. Саясаткердің штабы мен Жемқорлықпен күрес қоры Ресейде "экстремистік ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынды. Қазір ұйымның ондаған мүшесі шетелде немесе қамауда отыр. Навальныйдың үстінен тағы бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
  • АҚШ пен Ұлыбритания және ЕО оппозициялық саясаткердің қудалануына байланысты Ресейге ауыр санкция саламыз деп мәлімдеген. Алайда ақыры бірнеше жеке тұлға мен "Навальныйға у беруге қатысы бар" жекелеген тұлғаларға ғана санкциямен шектелді.
  • The Insider, Bellingcat және CNN тілшілерінен құралған зерттеу тобы Навальныйды ФСБ-ға қарайтын криминалистика институтының сегіз қызметкері улаған болуы мүмкін деген қорытындыға келген. Навальныйдың өзі мен жақтастары оқиғаға Кремльді кінәлаған. Мәскеу мұны жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG