Алматы қаласының полиция департаменті "Еуропа плюс Қазақстан" радиосының бұрынғы жүргізушісі Любовь Панованың үстінен "Ұлт аралық араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Любовь Панова Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптағандармен пікірталас кезінде "дядя Вованы" көмекке шақыратынын айтты" деген сөз тараған. Қазақстандық интернет қолданушылар Панованың жазғанын арандату деп санайды.
"Еуропа плюс Қазақстан" радиостанциясы қызметкері Любовь Панованың әлеуметтік желідегі жазбасы редакция саясатын білдірмейтінін мәлімдеп, артынша онымен еңбек келісімін тоқтатқанын жариялады.
28 наурызда Қазақстан Бас прокуратурасы "ұлтаралық араздықты қоздыру", "шетелдегі соғыс әрекеттері жөнінде үндеу жасау", "ондай жанжалдарға қатысуға және Қазақстанның аймақтық тұтастығын бұзуға" шақыру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен.
Қарай отырыңыз: "Бізді құтқарудың қажеті жоқ!" Қазақстандық орыстардың флешмобы (11 наурыз 2022 жыл).
ПІКІРЛЕР