Финляндия мен Швецияның НАТО мәселесі бойынша Түркиямен кездесуінен нәтиже болмады. Келіссөз жалғасады, бірақ мерзімі белгісіз, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін қауіпсіздігіне алаңдаған Хельскинки мен Стокгольм НАТО-ға қосылуға өтініш берген. Анкара аталған Скандинавия елдері Анкара террористік ұйым деп таныған Күрдістан жұмысшылар партиясын қолдайды деп санайды. Сол себепті олардың Солтүстікатлантикалық одаққа мүшелігін қолдамай отыр. Ал НАТО мүшесі болуы үшін одақ құрамындағы 30 елдің барлығы өтінішті мақұлдауы тиіс.
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлының айтуынша, Анкара Швеция мен Финляндиядан террористерді қолдауды доғаруын талап етіп отыр. Талабы орындалса, олардың өтініштерін қолдауға әзір.
Осыған дейін екі ел Анкарамен бірігіп әрекет ету мүмкіндігін құптайтынын мәлімдеген.