Ресей Украинаға басып кіргелі бері 437 бала опат болды, 837-ден астам бала түрлі дәрежеде жараланған. Украина бас прокуроры кеңсесі осындай мәлімет жариялады.
Зардап шеккен балалардың басым бөлігі Донецк, Харьков және Киев облыстарында тұрады немесе тұрған. Бомбалау мен атқылаудың салдарынан 2 719 оқу ғимараты бүлінген, 332-сі толық қираған.
"Бұл сандар тағы толығуы мүмкін, себебі қазір соғыс жүріп жатқан, уақытша басып алынған және азат етілген аймақтарда анықтау жұмыстары жалғасып жатыр" деп жазылған кеңсе хабарламасында.
БҰҰ-ның 13 қараша күнгі мәліметінше, Ресей басқыншылығы салдарынан 6557 бейбіт тұрғын опат болған, 408-і – бала. Ұйым өкілдері қаза болғандар әлдеқайда көп, себебі соғыс жүріп жатқан орындардан ақпарат кеш түседі, көбін растау қажет болатынын айтады.
ПІКІРЛЕР