Accessibility links

Блинкен Орталық Азия елдеріне 25 млн доллар көлемінде көмек берілетінін айтты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен C5+1 саммитінде, 28 ақпан, 2023 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен C5+1 саммитінде, 28 ақпан, 2023 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапары кезінде Ресейге тәуелділігін әлсірету үшін Орталық Азия елдеріне көмек берілетінін жеткізді.

Орталық Азия елдерімен бірлескен С5+1 дипломатиялық саммитіне қатысқан мемлекеттік хатшы аймаққа 25 миллион доллар көмек ретінде берілетінін айтты.

Ресейдің Украинаға әскери шабуылы тұсында АҚШ Орталық Азияның "егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы маңызды" екенін атап өтті.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Блинкеннің сапарын екі ел арасындағы "стратегиялық ынтымақтастыққа қосымша серпін беретін маңызды кездесу" деп атаған.

С5+1 саммиті 2015 жылдан бері бірнеше рет өткізіліп келеді. АҚШ мемлекеттік департаменті 27 ақпан күнгі мәлімдемесінде бұл кездесуді аймақ ішінде және АҚШ пен ОА арасында "әріптестікті нығайтатын" саммит ретінде сипаттап, оны "тәуелсіз, гүлденген және қауіпсіз Орталық Азия" үшін АҚШ-пен әріптестікте ортақ мәселелерді шешетін шара деп атаған.

Бұл жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.

Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде Блинкен Қытай Ресейге әскери көмек берсе, салдары ауыр болатынын айтып, тағы ескерту жасады.

28 ақпанда кештетіп АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға ұшып кетті. Одан әрі "G20" саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG