Accessibility links

Тағам қалдығын тыңайтқышқа айналдыратын "асылтұқымды" шыбындар


Тағам қалдығын жеп, тыңайтқышқа айналдыратын "Қара сарбаз" шыбыны. Авторы: blacksoldierflyblog.com. Creative commons license: CC BY-SA 3.0.
Тағам қалдығын жеп, тыңайтқышқа айналдыратын "Қара сарбаз" шыбыны. Авторы: blacksoldierflyblog.com. Creative commons license: CC BY-SA 3.0.

Қазақстанда тағам қалдығы көп жағдайда қоқысқа төгіледі, одан әрі полигонға жол тартады. Мұндай қалдық дұрыс шірімесе, метан бөледі. Осылайша ғаламдық жылыну процесін жылдамдатуға ықпал етеді.

Тағам қалдығын полигонға жіберу екі есе тиімсіз: біріншіден, олар суды, топырақты, ауаны ластайды. Екіншіден, бұл – ысырап.

Кей ғалымдар тағам қалдығы мәселесін шешу үшін "Қара сарбаз" шыбынын қолдануды ұсынады. Ғылымда оның Hermetia illucens деген аты бар. Мұндай шыбындар тағам қалдығын жоюға қалай көмектесуі мүмкін дейсіз ғой? Қарапайым тілмен түсіндіргенде, олардың дернәсілдеріне яғни, личинкаларына тамақ қалдығын береді. Қарапайым тілмен түсіндіргенде, олардың дернәсілдеріне, яғни личинкаларына тамақ қалдығын береді. Дернәсілдер олардан тыңайтқыш өндіріп шығарады. Ғалымдар олар өндіретін тыңайтқыштың құрамы микроэлементтерге бай келетінін айтады. Бұған қоса, дернәсілдерін малға азық ретінде қолдануға да болады.

Тағам қалдығын өңдеуге қабілетті "Қара сарбаз" шыбынының дернәсілдері.
Тағам қалдығын өңдеуге қабілетті "Қара сарбаз" шыбынының дернәсілдері.

“Қара сарбаздың” отаны – Латын Америкасы. Жылы жерде тіршілік ететін “қара сарбазды” Қазақстанда өсіретіндер оны арнайы жылы орында ұстайды.

EcoKundelik-тің алғашқы эпизодында біз сондай шыбынды өсіріп жүрген алматылық ғалым Серікхан Айдарханұлы және қызылордалық кәсіпкер Дидар Әбілдәұлымен сөйлесіп көрген едік. Қара сарбаз шынымен де тағам қалдығы мәселесін шеше ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы және өзге сұрақтарды біздің бүгінгі подкаст кейіпкерлеріне қойып көрген едік.

"Асылтұқымды" шыбын бағып, тағам қалдығын пайдаға жаратқан кәсіпкер
please wait

No media source currently available

0:00 0:18:41 0:00
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG