Accessibility links

Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов "жемқорлық жасады" деген күдікпен ұсталған


Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов "жемқорлық жасады" деген күдікпен ұсталған. Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жариялады.

Мақсұт Исаховты 20 шілдеде ҰҚҚ прокуратураның араласуымен ұстаған.

ҰҚК өзге ақпарат жарияламаған, тергеу құпиясына сілтеген.

Исаховтың ұсталғаны туралы ақпарат бүгін таңертең телеграм-арналарда пайда болған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орынбасарының ұсталғаны жөнінде қандай да бір пікір айтпаған.

49 жастағы Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлығына 2020 жылы ақпанда тағайындалған. Оған дейін екі жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып істеген.

Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" компаниясында қызмет еткен, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, автожол және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы болған.

Жемқорлық бабымен сотталған депутат мәжілісте отыр. Бұл заңды ма?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:34 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG