Қарашаның 19-ына, жексенбі күні Израиль билігі видео жариялап, онда көрсетілген туннельдің Газадағы "Әл-Шипа" ауруханасы астынан табылғанын хабарлады.
Бірнеше күн бұрын Израиль әскері әскери операция кезінде "Әл-Шипа" ауруханасының аумағына кірген болатын.
Бұл хабарға қарағанда, Израиль инженерлері аурухана астынан тереңдігі 10 метр, ұзындығы 55 метр, жарылысқа шыдас беретін қалың есігі бар туннель тапқан. "Мұндай есіктерді ХАМАС жер астындағы командалық пункттеріне пайдаланады", - дейді видеода.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар бойынша үйлестірушісі Джон Кирби ХАМАС-тың "Әл-Шипаны" командалық пункт және қойма ретінде пайдаланғанын растайтын барлау мәліметтері бар екенін өткен аптада мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР