Accessibility links

Украина қауіпсіздік қызметі жаңадан жасалған теңіз дроны - "Мамай" туралы айтты


Ukraine -- Ukrainian Security service showed its sea drone named Sea baby, used for attacks on Kerch bridge, 16Aug2023
Ukraine -- Ukrainian Security service showed its sea drone named Sea baby, used for attacks on Kerch bridge, 16Aug2023

Украина қауіпсіздік қызметі Қара теңізде операция операция жасау үшін Sea Baby және жаңадан жасалған "Мамай" су үсті дрондарын пайдаланады. Мұны "Суспильне" басылымы арнаулы қызметке сілтеп хабарлады.

"Иә, "Мамай" Қара теңіздегі ең жылдам дрон, сағатына 110 шақырыммен жүре алады", – дейді ақпарат көзі.

Ведомство аталған су үсті дрондары әскери теңіз операцияларының философиясын өзгертті деп есептейді.

Бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Васлий Малюк 17 шілдеде Қырым көпіріне жасалған шабуылға Киевтен басқарылатын бес дрон қатысқанын айтқан. Оның екеуі көпірге дейін жетіп, тірегіне зақым келтірген. Жолда жанар майы таусылған үш дронды жойып жіберуге тура келген.

2022 жылы қазанда және 2023 жылы 17 шілдеді Қырым көпірінде жарылыс болған еді.

Биыл қазан айының соңында Украина мен АҚШ арнаулы қызметтерінің ынтымақтастығы туралы жазған The Washington Post газеті Украина арнаулы қызметі Қырым көпіріне шабуыл ұйымдастырғанын атап өткен. Украина билігі бұл операцияға қатысы бар екенін кейде тура, кейде емеурінмен айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG