Accessibility links

Украина Ресейдің "Цезарь Куников" әскери кемесін батырып жібергенін мәлімдеді


"Цезарь Куников" кемесі. 2022 жылғы сурет.
"Цезарь Куников" кемесі. 2022 жылғы сурет.

Украина қарулы күштері Ресейге тиесілі "Цезарь Куников" десант кемесін батырып жібергенін мәлімдеді. Украина әскерінің бас штабының хабарынша, Ресейдің кемесі Украинаның теңіздегі аумағына кіріп кеткен.

Ресей қорғаныс министрлігі әзірге кеменің батып кеткені жайлы хабарға қатысты ештеңе демеді. Бұның алдында ведомство Қара теңізде алты дрон қағып түсіргенін хабарлаған.

Соғыс уақытында екі тараптың мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Ресейдің кемесінің батып кеткенін алғаш болып "Украинская правда" сайты Украина барлау қызметіне сілтеп хабарлады. Сайттың мәліметінше, кемені дрондармен атқылаған. Ал "Крымский ветер" телеграм-каналы кеме батқан маңнан деп сурет жариялады. Фотода жарылыстан соң будақтаған түтін мен құтқару қайықтары көрінеді.

"Два майора" телеграм-каналы экипаж тірі деп жазды. Бірақ "Крымский ветер" жариялаған фотода кеме маңында тікұшақ ұшып жүргені байқалады. Бұл құтқару операциясы болуы мүмкін.

2023 жылы наурызда Украина қарулы күштері Ресейдің "Орск" әскери кемесін қатардан шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG