Accessibility links

Бишімбаев ісі бойынша алқабилер жабық отырыста таңдалады


Қуандық Бишімбаев (сол жақта) сотта тұр. Астана, 12 наурыз, 2024 жыл.
Қуандық Бишімбаев (сол жақта) сотта тұр. Астана, 12 наурыз, 2024 жыл.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер құрамын іріктеу 27 наурызда жабық түрде өтеді. Бұл туралы сейсенбіде Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттар іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және екі қосалқы) алқабилер алқасы құрылады деп отыр.

"Алқабилердің жеке басына байланысты іріктеу жабық сот отырысында өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін сот хабарлағандай, 27 наурызда экс-министр ісі бойынша басты сот талқылауы басталуы керек. Бишімбаевтың өзі істі алқабилер қарауына беруге өтініш білдірген.

43 жастағы Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қинады және аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған. Экс-министр өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Бұған қоса, Бишімбаевпен бірге бұл істе оның туысы Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырып қалу және оны хабарламау баптары бойынша айып тағылды.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 11-12 наурызда өтті, сот залына журналистер кіре алмады, олар істі баспасөз бөлмесіндегі монитордан бақылауға мәжбүр болды. Сот өкілдері процесс өтетін залда орын жетпейтінін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG