Accessibility links

Пашинян: ҰҚШҰ – үміт артатын механизм емес


Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян республика Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) құрамында неге қалып отыр деген сұраққа жауап жоқ екенін айтты.

Пашинян британ ақпарат құралдарына берген сұхбатында ҰҚШҰ 2021 және 2022 жылдары Әзербайжан қарулы күштері Армения шекарасын бұзып өткенде әрекет ету механизмін қолданбағанын айтып, шекараны делимитациялау жүргізілмеді деп мәлімдеді.

Ол Ресей, Армения мен басқа елдер үміт артатын механизм ҰҚШҰ-да жоқ деп айтты.

"Мұны ҰҚШҰ реакциясы мен оған мүше кейбір елдің мәлімдемесі көрсетеді. Біздің қоғам "неге ҰҚШҰ мүшесі болып қалып отырсыздар?" деп сұрайды. Шынымды айтсам, бұл сұраққа жауабым жоқ", — деді Пашинян.

Ол Ресей Оңтүстік Кавказ аймағында маңызды рөл атқаратынын айтқан. Бұл туралы "Интерфакс" жазды.

Азаттықтың Армян қызметі – Азатутюн радиосының хабарлауынша, Пашинян британ журналистеріне берген сұхбатында Арменияға армян әскерінің реформасы мен модернизациясына қатысты Әзербайжаннан түсіп жатқан мәлімдемелерге алаңдайтынын жеткізді.

Премьердің сөзінше, бірде-бір ел басқа елдің жауынгерлігі жағынан қабілетті әскерге ие болу құқығына қарсы бола алмайды. "Жауынгерлік қабілетті әскердің кейде соғысқа қолданылатыны рас, бірақ оның болуы бейбіт өмірге де, күштердің тепе-теңдігін дұрыс ұстау үшін де маңызды" деп есептейді Арменияның үкімет жетекшісі.

"Біз соғысқа емес, бейбітшілікке дайындалып жатырмыз. Бірақ екінші жағынан, Армения республикасына шабуыл жасалмайтындығына сенімді болмайынша, біз қорғанысымызды дамыта беруіміз керек", - деді Пашинян.

Премьер-министр қазір Армения қауіпті азайту тұрғысынан өте маңызды демаркация процесіне кіріскелі жатқанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG