Accessibility links

Халықаралық валюта қоры Украинаға бюджетті қолдауға 2,2 млрд доллар бөлді


Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева.
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева.

Халықаралық валюта қоры Украинаға 2,2 миллиард доллар көлемінде кезекті транш бөлді. Бұл қаржы Украинаның бюджетін қолдауға берілді.

ХВҚ мәлімдемесінде қаржы Украинаға "дереу" берілетіні айтылған. Украинаға осы кезге дейін қордан берілген қаржының жалпы көлемі 7,6 миллиард долларға жетті. Бұл ХВҚ төрт жылға бекіткен несиенің жартысына жуық ақша.

"Ресейдің Украинаға басып кіруі Украинаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйіне жойқын кесірін тигізіп отыр", – деді ХВҚ басшысы Кристалина Георгиева.

Сонымен қатар, Украина мемлекеттік биліктің білікті саясаты мен айтарлықтай сыртқы қолдаудың арқасында макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын сақтап отыр, деді Георгиева.

Алайда, оның айтуынша, болашақта Украина экономикасының қалпына келу қарқыны бәсеңдейді деген болжам бар, бұған елдің энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар да әсер етіп отыр. Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Георгиеваға және оның командасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, бөлінген қаржы ел үкіметіне бюджеттің төтенше маңызды шығындарын, әлеуметтік төлемдерді, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын қаржыландыруға көмектесетінін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG