Accessibility links

Ресейдің Краснояр өлкесінде мигранттарға такси жүргізуге тыйым салынды


Ресейде Краснояр өлкесінің билігі шетел азаматтарына такси жүргізуге, сонымен бірге темекі мен ішімдік сататын арнайы дүкендерде жұмыс істеуге тыйым салды.

Заң 2025 жылғы 1 наурызда күшіне енеді. Өлке билігі жұмыс берушілерге дайындалуға уақыт берілгенін айтты.

Бұл туралы өлке басшысы Михаил Котюков хабарлады. Алайда ол мұндай шешім себебін түсіндірмеді. Ол осындай шектеу басқа да салаларға тарауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Осыған дейін Ресейдің 14 өңірі мигранттар жұмысын шектеген. Оларға 20 салада жұмыс істеуге тыйым салынған.

2023 жылғы қазанда мемлекеттік думаға шетел азаматтарына мектепте, фармацевтика саласында, медициналық мекемелерде, такси және логистика саласында жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынатын заң жобасы түскен.

Мәскеу түбінде «Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Тәжікстанның бірнеше азаматына айып тағылып, Ресейде мигранттарға қатысты ксенофобия күшейген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG