Accessibility links

Зәуре Саминова: Бар үмітіміз – «Нұрлы көш» бағдарламасында


Зәуре Саминова, Душанбедегі «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығының жетекшісі. Жеке мұрағатындағы сурет.
Зәуре Саминова, Душанбедегі «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығының жетекшісі. Жеке мұрағатындағы сурет.

Тәжікстандағы «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығының жетекшісі Зәуре Саминова, Азаттық радиосына берген сұхбатында, ол елде 2 мыңның айналасында қазақтар тұрып жатқанын айтады. Ел астанасы Душанбеде 80-ге тарта қазақ отбасы тұрады екен.

ТӘЖІКСТАНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛ ҚИЫН

Совет одағы тұсында Тәжікстанда саны әжептәуір болған қазақтардың көбі одақтас республикалар өз алдына жеке-жеке мемлекет боп шыққан соң Қазақстанға қоныс аударыпты. Зәуре Саминованың айтуына қарағанда, Қазақстанға көшіп келер жағдайы жоқ қазақ отбасылары Тәжікстанда қалған көрінеді. Қазір ел астанасы Душанбеде 80-ге тарта қазақ отбасы тұрады екен.

Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов пен Тәжікстан премьері Окил Окилов Астанадағы тәжік мәдени күндерінің ашылуында, 23 тамыз 2007 ж.
- Душанбедегі үйін сатып, Қазақстанға барғандар ол жақтан сол бағаға үй сатып ала алмайды. Душанбенің қақ ортасындағы 2 бөлмелі пәтердің құны – 50 мың долларға дейін жетеді. Ал, қаланың шет жағында 20-30 мың долларға да пәтер сатып алуға мүмкіндік бар. Бірақ, қаланың шетінен пәтер алсаң, қыста жарық болмай, әуреге салады. Қазақстанда шетте жүрген қазақтарды көшіріп алуға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы дүниеге келді деп естіп, қуанып жатырмыз. Көбіміздің ендігі үмітіміз – «Нұрлы көш» бағдарламасында., - дейді Зәуре Советқалиқызы.

Өз еліндегі жұмыссыздықтың зардабынан Ресей мен Қазақстанға нәпақа іздеп барған Тәжікстанның еңбек мигранттары бүгінде, дүниежүзілік дағдарыс салдарынан, елге қайтуға мәжбүр. Зәуре Советқалиқызы жалпы Тәжікстандағы экономикалық ахуалдың әлі күнге оңалмай тұрғанын айтады.

- Ондағы азаматтық соғыстан кейін, есімізді енді жия бастаған едік. Экономикамыз оңалып, жағдайымызды түзей бастаған кезде дүниежүзілік дағдарыс іліп әкетті. Мақтаның да нарқы түсіп кетті. Құрылыс жұмыстары да жандана алмай келеді. Жұмыссыздықтан тәжіктердің көбі Ресей асып кетуші еді, биыл ол да мүмкін болмай отыр, - дейді Зәуре.

ОРТА АЗИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ БІР

Душанбеде 2006 жылдан бері «Бәйтерек» атты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді. Оның мақсаты – сол жердегі қазақ диаспорасына қлттық салт-дәстүр мен ана тілін ұмытпауына қолғабыс жасау.

- Жақында Душанбеде Орта Азия және Иран, Ауғанстан қазақтарының кіші құрылтайы болып өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан,
Негізгі мақсатымыз – көршілес елдердегі қазақтармен тығыз қарым-қатынас орнату, бір-бірімізбен жақын таныс-біліс болу.
Түркіменстан, Иран және Ауғанстаннан қазақтар келді. Негізгі мақсатымыз – көршілес елдердегі қазақтармен тығыз қарым-қатынас орнату, бір-бірімізбен жақын таныс-біліс болу. Меніңше, бұл елдердегі қазақтардың проблемасы да, мұң-мұқтажы да бір. Осы төңіректе пікір алмасып, келешекте проблемаларымызды қалай шешудің жолын іздестірдік, - дейді Зәуре Советқалиқызы.

Осы құрылтайда бас қосқан 5 елдің қазақтары әр елде тұратын өз туыстарымен де қауышып, мәз мейрам болысып қайтқан екен.

СОВЕТ КЕЗІНДЕ БОЛҒАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН

Тәжікстандағы қазақтар да осы аумақтағы өзге қазақтар секілді өздері тұратын елге сіңіп, қазақтығын ұмытып бара жатыр дейді Зәуре Саминова. Душанбедегі қазақ мәдени орталығының жанынан салт-дәстүрді дәріптейтін көрме ұйымдастырылып, қазақ тілінің жексенбілік мектебі ашылған. Зәуренің өзі тәжікстандық қазақтарға ана тілінен сабақ беріп, салт-дәстүрге баулиды екен. Ол қазіргі жастардың қазақ тілінде білім алуына Тәжікстанда мүмкіндік жоқтығын айтады.

- Өйткені, бұрынғы жылдары қазақтар шоғырланып отыратын. Қазір қазақтар Тәжікстанның әр аулында 5-10 отбасыдан тарап кеткен. Сол себепті де, қазақ мектебін ашудың мүмкіндігі жоқ. Ал, Совет одағы кезінде Колхозабад атты елдімекенде 1 қазақ мектебі болған еді.
Қазір қазақтар Тәжікстанның әр аулында 5-10 отбасыдан тарап кеткен. Сол себепті де, қазақ мектебін ашудың мүмкіндігі жоқ.
Кейіннен ол мектеп жабылды. Ал, қазақ балалары – өзбек, тәжік және орыс мектептеріне барады, - дейді Зәуре Саминова.

Душанбеде өткен құрылтайға Қазақстаннан арнайы келген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы арнайы кітапхана ашып беріпті. Онда қазақ тілінде шыққан жаңа кітаптар, қауымдастықтың жанынан шығатын «Туған тіл», «Алтын бесік» атты журналдар бар екен. Алайда, интернет байланысы қымбатқа түсетіндіктен оған әркімнің шамасы келе бермейді дейді Зәуре Саминова:

- «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығы айына 100 доллар көлемінде төлеп, интернетке шығып тұрамыз. Алайда, Қазақстандағы қазақтілді сайттарға жиі ене алмаймыз. Өйткені, оның қаржысын қалтамыз көтере бермейді. Сол Каспионет телеарнасы, тағы басқа да ақпараттық агенттіктердің ақпарларын көріп тұрамыз.

«ТӘЖІКТЕР ӨЗ АНА ТІЛІН ҚҰРМЕТТЕП, ҚАСТЕРЛЕЙДІ»

Постсоветтік елдердегі ұлттық-саяси ахуалдың бір ұшы тәуелсіз елдердің тіл проблемасына келіп тіреледі. Тәжікстан этникалық тұрғыдан азаматтық соғыс өрті тұтанған аймақ болғанына қарамастан, өзінің тілдік ахуалын жөнге салып, халқын тәжік мәдениеті төңірегінде топтастыра білген екен. Ондағы тәжіктер жалпы халықтың 70%-ын иеленеді екен.

«Тәжікстанда негізінен тәжік, орыс және өзбек тілдері қолданылады. Мемлекеттік тілі – тәжік, ұлтаралық тіл ретінде орыс тілі
Халқы салт-дәстүрін жақсы біледі, Қазақстандағыдай өз тілін білмейтін адамды мұнда кездестіре алмайсыз.
қолданылады. Бірақ, ресми органдарда іс қағаздарының 80-90% тәжік тілінде жүргізіледі. Тәжік тілін білмеген адамның жұмысқа орналасуы өте қиын. Соңғы жылдары орыс мектептерінің де саны күрт азайып кетті.

Біз де жергілікті халықпен бірге тәжік тілінде жақсы сөйлейміз. Биыл тәжік тілінің ресми статусқа ие болғандығының 20 жылдығы аталып өтілмек. Жалпы, халқы салт-дәстүрін жақсы біледі, Қазақстандағыдай өз тілін білмейтін адамды мұнда кездестіре алмайсыз», - дейді Зәуре Саминова.
XS
SM
MD
LG