КУӘГЕР ЫСҚАҚОВТЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІНЕ НАЗАР АУДАРАДЫ
Астанада бұрынғы экология министрі Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа қатысты сот процесі жалғасуда. Олар мемлекеттік сатып алу кезінде қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1,172 миллиард теңге (шамамен 7,8 миллион доллар) мөлшерінде бюджет қаржысын жымқырған деп айыпталуда.
Сот процесінде айыптаушы тараптың куәгерлері сөйлеп болған соң, кезек қорғаушылардың куәларына келді. Бұл жолғы ерекшелік – сот залында ғылыми қауым өкілдері, экологтар және бұрынғы әріптестері сөйледі.
Ең қызықтысы, олар айыпталып отырған Нұрлан Ысқақов пен Әлжан Брәлиевтің жеке және кәсіби қасиеттерін сипаттағанда, айыптаушы тараптың куәларының айтқанын сөзбе-сөз қайталап, ал бірақ сотталушылардың кінәсі болуы мүмкін емес деген пікірілерін білдірді.
Куәгерлердің бірі, География институтының директоры, география ғылымының докторы, профессор Медеу Ахметқал бүгінде Қазақстанның экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатының іргелі принциптері мен қолдану механизмдерін анықтап отырған құжаттардың қандай жағдайларда жасалғанын айтып берді.
Өзінің айтуынша, ол вице-министр (сол кездегі) Нұрлан Ысқақовпен Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігінің концепциясы мен елдің Экологиялық атласын жасап, қабылдау барысында танысқан. Медеу Ахметқал Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі принциптерін жасау барысында сотталушының басты рөлді атқарғанын бірнеше мәрте атап өтіп, сотқа ғалымдар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бірігіп жасаған жұмыстарының нәтижесі болып табылатын бірнеше томдық қомақты еңбекті ұсынды.
Сот залында отырғандарға осы саладағы Қазақстан ғылымның нәтижелері мен проблемалары туралы 20 минут бойы кіріспе лекция оқып, баяндамасына беріліп кеткен профессор көрнекі мысалдарға ауыса бастағанда сот оны жұмсақ қана ескертумен тоқтатты.
Сөйтіп, ғалымның сөзін зейін салып тыңдап отырған аудитория Қазақстанды су ресурстарының тапшылығына алып келіп, өз кезегінде экономиканың күрт құлдырауына себеп болатын, қазақстандықтардың өмір сүруіне қауіп төндіретін жаһандық ауа райының жылыну проблемасын тиісті дәрежеде баға беретіндей ақпаратты аяғына дейін ала алмады.
КУӘГЕР 500 ДОЛЛАР МӨЛШЕРІНДЕГІ ТӨЛЕМ ЖАЙЛЫ ЖАЙЫП САЛДЫ
География институтының директоры Қазақстанның Экологиялық Атласының алғашқы үлгісі қандай жағдайда, қандай ақшаға басылғанын еске алған сәті айыптаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сөйлеуші ғалым «бірегей» деп атаған осы құжатты даярлау барысында Қазақстан көрші елдердегі ғалым-әріптестерімен бәсекеге түскен. Куәгер Медеу Ахметқалдың қайталап айтқанындай, Нұрлан Ысқақов осы еңбектің бірқатар бөлімдері мен жалпы концептуалдық ауторы, редакциялық алқаның төрағасы болған.
Алайда, ғалымдар мен экология министрлігінің бірлесіп жасаған жұмыстарының аяқталу барысында мемлекеттік бюджетте оны басып шығару үшін қаржының қарастырылмағаны белгілі болды.
– Мен министр Ысқақовқа кіріп, ғалымдар өз атластарын бірінші болып ресейліктердің шығарғанын қаламайды және барлық аға ғылыми қызметкерлер өз жұмыстарының академиялық таралымын шығару үшін 500-600 доллардан жинауға даяр дедім. Бұған Ысқақов қосалқы аутор және жоба жетекшісі ретінде өз үлесін қосатындығын айтты, – деді профессор Медеу Ахметқал.
– Кітап үшін ақшаны министр Ысқақовтан сіз қалай алдыңыз, ол сізге өз кабинетінде чек немесе қолхат жазып берді ме? – деген прокурордың кенеттен қойған сұрағынан соң куәгер сасқалақтап, не айтарын білмей қалды.
Оның айтуынша, қалай болғанда да алғашқы таралым уақытында басылып, Қазақстан ғылымы интеллектуалдық жарыста жеңіп шықты және кәдімгідей көлемді атлас, тіпті кейбір үкімет мүшелерінің кабинеттерінде сақтаулы тұр.
ҚАЗІР СОТТАЛЫП ЖАТҚАНДАР КЕЙІН ҚЫТАЙДАҒЫДАЙ АҚТАЛА МА?
Азаттық радиосына берген сұхбатында Медеу Ахметқал «олардың жалақысы онсыз да аз болғандықтан, ақшаны барлығы бірдей жинаған жоқ» деді. Бірақ, үкімет ғылыми жұмыспен танысқан соң «оны жаппай таралыммен басудың мүмкіндігін қарастыруда» деген оптимистік сөзді қосып қойды.
Сотта куәлік беруінің соңына қарай ол бұрынғы министрдің жеке басына қайтып оралып: «Ол Отанымыздың үлкен патриоты және жақсы отағасы», – деді.
Біраз үнсіздіктен соң әлдебір маңызды нәрсені айтпақ болып тұрғандығы байқалған профессор сотталушы Нұрлан Ысқақовтың тағы бір қырын аша кетті:
«Ол ел президенті белгілеген бағытқа өте берілген адам», – деді Медеу Ахметқал.
Бұрынғы министр неге лайық деген қорғаушының сұрағына ол мәнерлі салыстырулар мен теңеулерді айта келіп, сөзінің соңын Қытайдың заманауи тарихына шолу жасаумен аяқтады.
Оның еске алуынша, мәдени төңкеріс кезінде Қытайда да көптеген лайықты адамдар қуғындалып, кейін Дэн Сяопин негізсіз сотталғандарды ақтап, оларды мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге қайта алып келген. Ол Нұрлан Ысқақовтың «бүгін болмаса да ертең қайта жұмысқа алынатынына» сенетіндігін айтты.
СОТТАЛУШЫ БРӘЛИЕВТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰРМЫСТАҒЫ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҒЫ
Гарвардтың үздік түлегі, 35 жасар Әлжан Брәлиевке қатысты куәлік берушілердің сөздері де біртекті, «мықты менеджер», «тиімді келісім жасаушы», «жастарға үлгі» деген және т.б. теңеулерге толы болды.
Бір ғалымның айтуынша, «олар (сотталушылар – аутор) негізін қалаған Қазақстанның тұрақты дамуының принциптері мен идеяларының нәтижелері қоғамда әлі байқалған жоқ. Бірақ, олар болашақта жемісін береді».
Кейінірек дәлізде болған әңгімеде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Киото хаттамасы департаменті директорының орынбасары
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы экологиялық саясат жөніндегі комитетінің өкілі Болат Есекиннің берген кейбір сипаттамалары да қызықты.
Ол Әлжан Брәлиев вице-министр болып тұрған кезде (ол экология министрлігінде Қазақстанның барлық халықаралық жобаларына жетекшілік еткен-ді – аутор) онымен бірге бірнеше халықаралық конференцияларға қатысқан.
Куәгер Болат Есекин сотталушының ерекше интеллектуалдық мүмкіндігімен қатар оның тұрмыста да қарапайым жан екендігін айтты. Ол сотқа мына жағдайды айтып берді.
Шетелдерде болғанда олар «мейрамханаларға барған, бірақ ол (Брәлиев – аутор) қымбат заттар алмауға тырысып, арзандау кафелерде тамақтанған». Осы сөзі арқылы Есекин бұрынғы вице-министрдің жұмысқа қала ішіндегі жолаушылар автобустарымен барып жүргені жайында айтылып жүрген әңгімені растап қойды.
Есекин тағы да бір мысалды келтірді. Еуропалық Одақ экология министрлерінің 2011 жылғы конференциясы Чехияда өтуі керек болған екен. Екіжақты келіссөздер кезінде Қазақстанның атынан сөз сөйлеген Брәлиев Чехия үкіметінен келген әріптестерін 2011 жылғы мерейтойлық конференциядан бас тартуға көндірген.
«Ол конференцияны Қазақстанда өткізу кезекті той мен шапан тарату үшін емес, аймақтағы зәру мәселелерді шешу үшін қажеттігін дәлелдеп, жалпыеуропалық конференцияда (2007 жылдың қазанында «Еуропа үшін қоршаған орта» деген атаумен Белградта өткен – аутор) мінбеге бір рет шығып бұл мәселені бір-ақ ауыз сөзбен шешті», – деді Болат Есекин Азаттық радиосына.
Бір қызықты жағдай, куәгердің осы айтқанын тексеру үшін Google арқылы интернеттен тиісті ақпараттарды іздегенімізде, әлемнің 56 елінен 200-дей делегат қатысқан жиында Қазақстан делегациясының шынында жақсы сөйлгенін байқадық.
Атап айтқанда, украиндық «Зеркало Недели» газеті сол күндердегі конференция жайында былай деп жазыпты:
«...Солай бола тұра мазмұны мен идеясы жағынан баяндама барынша лайықты болды. Жас, зиялы және темпераментті қазақтың ағылшыншасы да мықты екен. Зал қол шапалақтаудан жарылып кетті, ал кейіпкердің өзін тележурналистер қаумалап сұрақтың астына алды. Сөз реті келгенде айта кету керек, форумдағы қазақ делегациясыың барлық мүшесі өте кәсіби, байланысқа бейім, ағылшынша жақсы білетін болып шықты. Олар заман талабына сай жобалар алып келді. «Ал біз, әдеттегідей, ұятқа қалумен болдық, – деп өкінішпен еске алды украин делегациясының мүшесі. – Мынау биліктегі тиылмай отырған былыққа байланысты ештеңені жарытып істей алмаймыз!..»
«Кезекті дабырайған салтанаттың қажеттілігі» туралы Азаттық радиосының қойған сауалына Болат Есекин реніш білдірді.
– Әдетте мұндай конференциялар Еуропа елдерінде өтетіндіктен, Қазақстанның ұсынысы көптеген айтыстар мен әңгімелер тудырды. Бұл конференциялар жай сөйлеп қоя салатын жер емес. Ол жерде заңнаманың бүкіл құрылымын, ережелерді, стандарттар мен нормативтерді өзгертетін маңызды құжаттар қабылданады, – деп есептейді ол.
Болат Есекин мысал ретінде Қазақстанның трансшекаралық мәселелерін шешу оқиғаларын келтірді:
– Тек Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, біз 50 пайызға Қытайға, Ресейге және оңтүстіктегі көрші елдерге тәуелдіміз. Бірақ, біз олармен бір тілде сөйлей алмаймыз: бізде трансшекаралық проблемаларды шешудің механизмдері жоқ. Каспий мен Аралдағы тәрізді бір жолғы келіссөздермен мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан біз Еуропада ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан трансшекаралық ынтымақтастықтың механизмдерін негізге алуды ұсынамыз, – дейді осы бағыттағы жұмыстардың қажеттілігіне сенімді Болат Есекин.
Сотталушылардың адвокаттарына келсек, олар 20 шілдедегі отырыста Бас прокурор Қайрат Мәмидің «Казахстанская правда» газетінің биылғы жылғы 18 шілдедегі санында шыққан мақаласына апелляциялық мәлімдемесін оқып берді.
Нұрлан Ысқақов пен Әлжан Брәлиевтің адвокаттары сотталушылардың кінәсін анықтау барысында прокуратураны обьективті болуға шақырды. Содан соң, осы сот талқылауы барысында көптеген өтініштер бойынша прокуратураның қорғаушыларды бір де бір рет қолдамағанына соттың назарын аударды.

БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы экологиялық саясат жөніндегі комитетінің өкілі Болат Есекин. Астана, 20 шілде 2009 жыл.
Ғалия Кәрібжанова Азаттық радиосына: «Осындай адамдардың сотталушылар орындығында отырғанын көру жаныңды ауыртады», – деп ағынан жарылды.БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы экологиялық саясат жөніндегі комитетінің өкілі Болат Есекиннің берген кейбір сипаттамалары да қызықты.