ҚОРҒАУШЫЛАР ТЕРГЕУШІЛЕРДІҢ АЙЫПТАУЛАРЫМЕН КЕЛІСПЕЙДІ
Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсембаевтарға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Маусымның 16-сы күні Астанада өткен алғашқы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі Еркеғали Зәкіров Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) таққан айыбын қолдап, Еркеғали Зәкіровтың айтуынша, Нұрлан Ысқақов Брәлиев, Сәрсембаев, Савицкая (іздеуде жүр), Жайылғанов, Лайс және өзгелермен ымырыласып, «жеке басының мүддесі үшін, қызмет мүддесін аяққа басып, пайда табу мақсатында заңға қайшы әрекет жасап, 2006-2008 жылдары алдын ала келісіммен ауыр қылмыстарды жоспарлаған. Қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 1 миллиард 172 миллион 657 мың теңге сомасында аса ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілген».
Әңгіме Балқаш көлінің жағасында орналасқан «Дарьял-У» бөлшектелген советтік радиолокация стансасында сақталған, құрамында улы полихлордифенилі бар конденсаторлар қоймасын Германияда жою жобасы туралы болып отыр.
Ол бойынша өткен тендерді жеңіп алған «Меркурий плюс» компаниясының міндеттемесінде, Германия үкіметі қауіпті конденсаторларды жою шығындарын өз мойындарына алатыны айтылған.
Қазақстан болса, Базель конвенциясының талаптарына сәйкес, қауіпті жүктің жеткізілу шығынын мойнына алған. 2008 жылдың қыркүйек айында тексеру жүргізген қаржы полициясы контейнерді ашқан кезде «қауіпті конденсаторлар герметикалық металл
Қазір «Меркурий плюс» компаниясының қызметкері әрі фирма құрылтайшысының күйеуі Әділбек Жайылғанов та аталған қылмыстық іс бойынша айыпкер ретінде өтуде.
Айыпталушылардың адвокаттары өз қорғауындағы адамдардың кінәсі жоқ екендерін айтады. Олар қадағалаушы орган өкілінің сөзіне көңілдері толмағанын жасырмады. Өйткені олар «прокуратура қаржы полициясының айыптауын қолдамайды» деп күткен еді.
Экс-министр Ысқақовтың адвокаты Ермек Бектасов қарсы пікірі кезінде судья Ерлан Тасыровтың назарын мынаған аударды. Айыптауда «анықталмаған жағдайларда» деген сөз тіркестері жиі қолданылады. Оның ойынша, бұл қылмыстық-процессуалдық кодекстің 117-бабына толықтай қайшы келеді. Ол бап бойынша «қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс құрамының белгілері мен оқиғалар дәлелденуі керек (жасалған қылмыстың уақыты, орыны, тәсілі және басқа да жағдайлары)».
Адвокат Ермек Бектасов экс-министр Нұрлан Ысқақовтың заңды бұзғандығын куәландыратын бір де бір құжат, бір де бір дәлел, заттай айғақ еш жерде жоқ деп мәлімдеді. Ол Ысқақовтың министр болып тұрған кезінде қол қойған бір де бір құжаты бүгінге дейін өзгертілген жоқ деп атап көрсетті.
«Егер бұлай болса, демек бұл бұйрықтар заңға сәйкес болған және осы уақытқа дейін жұмыс істеуде», – деді экс-министрдің екінші адвокаты Роза Қуанышбаева сот отырысынан кейін баспасөз өкілдеріне.
Мемлекетке 1,172 миллиард теңге залал келтірілді деген айыппен де қорғаушылар келіспейді. Олардың пікірінше бұл сан аталған жобаға 2007-2008 жылдары бөлінген қаржыны қарапайым арифметикалық тәсілмен қосу арқылы шығарыла салған.
«Жойылуға тиіс 15 мың конденсатордың ішінен қаржы полициясы 1040 (52 контейнер) конденсатордың Базель конвенциясының талаптарын бұза отырып оралғанын анықтады. Қазіргі уақытта 7 мыңнан аса конденсатор жөнелтіліп, жойылған. Қалғандарыжөнелтілуге даяр. Мәселе тек оны жеткізуде болып тұр. Сондықтан да, мүмкін болар шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам болуы мүмкін емес. Мұндай қылмыстық істе ең бастысы – қаржының мөлшері, ал олар болса [тергеу органдары] іс жүзінде тиісті жұмыстардың атқарылғанына қарамастан, бюджеттен бөлінген барлық соманы айыптауға енгізе салған», – деді адвокат Роза Қуанышбаева.
Адвокат Ермек Бектасов «айыптаулардың мазмұнынан Нұрлан Ысқақовқа қана емес, сотқа тартылып жатқан өзгелерге де тағылып отырған іске қатысты күмәнға толы көптеген сауалдар туындайды» дейді.
ӘМИНА БРӘЛИЕВА: «БҰЛ ТЕНДЕРГЕ КҮЙЕУІМНІҢ ҚАТЫСЫ БОЛҒАН ЕМЕС»
Азаттық тілшісі Нұрлан Ысқақов пен Әлжан Брәлиевтің зайыптарымен кездескен еді. Өз жұбайларының кінәсі жоқтығына шүбә келтірмейтін әйелдер сот оларды ақтайды деген сенімде.
«Мен оны толық ақтайтындығына сенімдімін. Басқаша болуы мүмкін емес. Оған қатысты істі сыбайлас жемқорлық түгілі ұқыпсыздық деп айтуға да келмейді», – деп санайды бұрынғы вице-министр Әлжан Брәлиевтің зайыбы Әмина Брәлиева.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Әмина Брәлиева қаржы полициясы таққан айыптармен танысқанын, «қылмыстық іс бойынша сегіз айда жиналған 34 томдық материалдың ішіндегі 150 куәгердің бір де біреуі тура да, жанама түрде де» күйеуіне қарсы куәгерлік бермегенін айтты.
«Менің күйеуім конденсаторларды утилдеу жөніндегі тендерлік комиссияның төрағасы болған 2007 жылдағы тендер бойынша қаржы полициясының қояр кінәсі жоқ. 2007 жылы бөлінген 285 миллион теңге толықтай игеріліп, мердігер-компания өзіне алған міндеттемелерін орындаған. Барлық әңгіме конденсаторларды жою жұмыстарын жалғастыру туралы 2008 жылы өткізілген тендердің айналасында басталды. Бөлінген 984 миллион теңгенің, айыптаушылардың пікірі бойынша, белгісіз жағдайда 522 миллион теңгесі ұрланды делінген екінші тендерде менің күйеуім тендерлік комиссияның мүшесі де болмаған. Оның екінші тендерге қандай қатысы бар?» – дейді Әмина Брәлиева.
Әмина Брәлиева Азаттық радиосының тілшісімен болған әңгімеде 35 жасар күйеуінің осы уақытқа дейін қызметте табысты көтерілуінің құпиясын айтып берді.
Оның айтуынша, Әлжан Брәлиев Алматыда қарапайым интеллигенттің отбасында дүниеге келген. Әкесі – мүсінші, анасы Наталья Брәлиева – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының [ҚМБА] оқытушысы.
«Оған оқуының ақшасын төлеуге немесе қызметінің көтерілуіне демеу беретіндей біздің бай, ықпалды туыстарымыз жоқ. Әлжан орта мектептің алтын медалі болсын, ҚМБА мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша ол бітірген Нью-Йорк штатындағы Сент-Лоренс университетінің қызыл дипломдары болсын – осы табыстарының барлығына ол таза өз еңбегімен жетті.
Гарвард жоғары басқару мектебіндегі үшінші қызыл дипломына да ол Әлемдік банк пен Гарвардтың грантын ұтып алған соң қол жеткізді. Оның суреті ондағы құрмет тақтасында әлі күнге дейін ілулі тұр», – деді Әмина Брәлиева.
Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүзден аса қызметкері, «Болашақ» бағдарламасы бітірушілерінің қауымдастығы күйеуі туралы жылы сөздер айтып, қолдау білдіргенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Әлжан Брәлиев тұтқындалған алғашқы күндерден-ақ күйеуінің әріптестері мен жақындары оған араша түсіп, ол туралы жақсы лебіздерін білдіріп тиісті органдарға өтініш жолдағанын ризашылықпен айтты. «Осыншама адамның қателесулері мүмкін емес!» деп есептейді Әмина Брәлиева.
«ОЛ ЖҰМЫСҚА АВТОБУСПЕН БАРАТЫН»
Әмина Брәлиева қазіргі шулы іс пен қаржы полициясы 2005 жылы Әлжан Брәлиевке қатысты қозғаған қылмыстық істі салыстыра қарайды.
Ол кезде білім және ғылым министрлігінің жанындағы халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығының директоры қызметінде болған Әлжан Брәлиевті «Болашақ» бағдарламасы бойынша квоталарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыптаған болатын.
2007 жылы қалалық прокуратура, кейінірек Бас прокуратура қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық істі қысқартты. Олардың шешімінде Әлжан Брәлиевтің «заң аясында, өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес жұмысын атқарғандығы» жазылған.
Әлжан Брәлиевтің зайыбының пікірінше, бұл құқық органдары тарапынан «кәдуілгі кек қайтару» болуы мүмкін. Өйткені, алғашқы қылмыстық іс жабылғаннан 6 ай өткен соң, 2008 жылдың тамыз айында, жаңадан тағы бір қылмыстық іс қозғалды.
Виллалар мен шетелдердегі шоттар туралы арандатушы сұраққа жас келіншек «біздегі бары – Астанадағы белгілі «Семь бочек» әлеуметтік кешеніндегі пәтер мен отбасылық «Хюндай» автокөлігі ғана» деп жауап берді.
«Әлжан вице-министр болып тұрған кезде ұзақ уақыт бойы жұмысқа №10 бағыттағы автобуспен барып жүргендігін айтқанға мен енді ұялмаймын. Өйткені, оның жеке жүргізуші жалдауға мүмкіндігі болмады, сол сияқты, қызметтік машинаға жанармай бөлуге министрліктің де қаржысы болған жоқ», – дейді Әмина Брәлиева.
Оның айтуынша, штаттық кесте бойынша вице-министрдің көлік жүргізушісінің жалақысы 18 мың теңге екен. Бірақ министрлік ұзақ уақыт бойы мұндай жалақыға жүргізуші таба алмаған.
«Көптеген шенеуніктер жеке жүргізушісіне өз қалтасынан қосымша қаржы төлейтінін білемін. Бірақ, олай ұстауға бізде шынымен де ақшамыз болған жоқ», – дейді ол.
Әмина Брәлиева қазір декреттік демалыста отыр. Ол өз отбасына көмек-қолдау көрсеткен көптеген достарына алғысын білдірді.
«Мен оларға адвокаттардың қызметіне, коммуналдық қызметтер мен балабақша төлемдеріне дейін төлегені үшін ғана емес, менің күйеуімнің кінәсіздігіне сеніп, моральдық қолдау көрсеткені үшін ризамын», – дейді Әмина Брәлиева.
НҰРГҮЛ ЖАНДОСОВА: «КҮЙЕУІМДІ КУӘГЕР РЕТІНДЕ ШАҚЫРЫП АЛЫП, ТЕРГЕУШІНІҢ КАБИНЕТІНДЕ ТҰТҚЫНДАДЫ»
Әмина Брәлиева секілді, экс-министр Нұрлан Ысқақовтың зайыбы Нұргүл Жандосова да қаржы полициясының тағып отырған айыптары негізсіз деген пікірде.
Азаттық радиосына берген сұхбатында елдегі табиғат қорғаушы мекеменің бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақовтың зайыбы биылғы ақпанның 26-сы күні Әлжан Брәлиев тұтқындалысымен, наурыздың 4-і күні күйеуінің өз еркімен қызметтен кеткендігін және наурыздың 30-ында тұтқынға алынғанға дейін үйінде болғанын айтады.
Оның айтуынша, олардың емін-еркін жүріп-тұруына шектеу болмаған. «Біз тіпті үлкен ұлымызды аллергиядан емдеу үшін бір аптаға Алматыға да барып келдік. Бірақ үлгермедік», – деді Нұргүл Жандосова.
Ол өз күйеуін «түнде төсекте жатқан жерінен тұтқындап алып кетті» деген кейбір басылымдардың хабарларын жоққа шығарды.
«Оны куәгер ретінде бетпе-бет кездестіру үшін қаржы полициясына 30 наурыз күні 10 сағат 30 минутқа шақырған. Ал сағат 11-де тура тергеушінің кабинетінде оны тұтқынға алды», – деп еске алады Нұргүл Жандосова Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ айыптау қорытындысының әр парағын мұқият оқыған кезде «бұл істе мемлекеттік органның жұмысында ешқандай заң бұзушылық жоқ, ал қауіпті конденсаторларды жою жобасын орындағандардың ісін анықтау керек» деген тұжырымға келгенін айтады.
БҰРЫНҒЫ МИНИСТРГЕ ҒАЛЫМДАР МЕН ӘРІПТЕСТЕРІ ҚОЛАУ БІЛДІРУДЕ
Астана қаласының Есіл аудандық сотына берген өтініште Ұлттық ғылым академиясының бірнеше академиктері мен белгілі қоғам қайраткерлері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі әріптестері және тіпті өзі министр кезінде төрағалық еткен көгалдағы хоккейдің (ол спорттың осы түрі бойынша спорт шеберлігіне кандидат болған) ұлттық федерациясының спортшылары ара түсіп, Нұрлан Ысқақовтың сіңірген еңбегін айтқан.
Өтінішке қол қоюшылар 46 жастағы Нұрлан Ысқақовтың кәсіби маман ретіндегі сіңірген басты еңбегі ретінде оның қатысуымен дайындалып қабылданған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, Экологиялық кодексті, Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында тұрақты дамуға көшуінің тұжырымдамасын және Қазақстанның Ұлттық Атласын атаған.
Ал 2005 жылғы президент сайлауында президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының жетекшісі болған Нұрлан Ысқақовқа қатысты сол кезде штабта бірге істегендер – қазіргі «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің бұрынғы басшыларына араша түсіп сотқа жіберген өтініші сенімсіздеу әрі жабыраңқы жазылыпты:
«Біз соттан Нұрлан Ысқақовты қатаң жазаламауды, оны бас бостандығынан айырмауды сұраймыз. Ысқақов өзінің еңбегімен қоғам мен мемлекет алдындағы кінәсін жуатындығына сеніңіздер».
Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов пен оның орынбасарлары Әлжан Брәлиев пен Зейнолла Сәрсембаевтарға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Маусымның 16-сы күні Астанада өткен алғашқы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі Еркеғали Зәкіров Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) таққан айыбын қолдап, Еркеғали Зәкіровтың айтуынша, Нұрлан Ысқақов Брәлиев, Сәрсембаев, Савицкая (іздеуде жүр), Жайылғанов, Лайс және өзгелермен ымырыласып, «жеке басының мүддесі үшін, қызмет мүддесін аяққа басып, пайда табу мақсатында заңға қайшы әрекет жасап, 2006-2008 жылдары алдын ала келісіммен ауыр қылмыстарды жоспарлаған. Қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 1 миллиард 172 миллион 657 мың теңге сомасында аса ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілген».
Әңгіме Балқаш көлінің жағасында орналасқан «Дарьял-У» бөлшектелген советтік радиолокация стансасында сақталған, құрамында улы полихлордифенилі бар конденсаторлар қоймасын Германияда жою жобасы туралы болып отыр.
Ол бойынша өткен тендерді жеңіп алған «Меркурий плюс» компаниясының міндеттемесінде, Германия үкіметі қауіпті конденсаторларды жою шығындарын өз мойындарына алатыны айтылған.
Қазақстан болса, Базель конвенциясының талаптарына сәйкес, қауіпті жүктің жеткізілу шығынын мойнына алған. 2008 жылдың қыркүйек айында тексеру жүргізген қаржы полициясы контейнерді ашқан кезде «қауіпті конденсаторлар герметикалық металл
Әлжан Брәлиев, қоршаған ортаны қорғау вице-министрі кезінде Экологиялық форумда. Прага, 22 мамыр 2007 ж.
контейнерге салынбай, полиэтилен қапшықпен ғана оралғаны» анықталғанын айтады.Қазір «Меркурий плюс» компаниясының қызметкері әрі фирма құрылтайшысының күйеуі Әділбек Жайылғанов та аталған қылмыстық іс бойынша айыпкер ретінде өтуде.
Айыпталушылардың адвокаттары өз қорғауындағы адамдардың кінәсі жоқ екендерін айтады. Олар қадағалаушы орган өкілінің сөзіне көңілдері толмағанын жасырмады. Өйткені олар «прокуратура қаржы полициясының айыптауын қолдамайды» деп күткен еді.
Экс-министр Ысқақовтың адвокаты Ермек Бектасов қарсы пікірі кезінде судья Ерлан Тасыровтың назарын мынаған аударды. Айыптауда «анықталмаған жағдайларда» деген сөз тіркестері жиі қолданылады. Оның ойынша, бұл қылмыстық-процессуалдық кодекстің 117-бабына толықтай қайшы келеді. Ол бап бойынша «қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс құрамының белгілері мен оқиғалар дәлелденуі керек (жасалған қылмыстың уақыты, орыны, тәсілі және басқа да жағдайлары)».
Адвокат Ермек Бектасов экс-министр Нұрлан Ысқақовтың заңды бұзғандығын куәландыратын бір де бір құжат, бір де бір дәлел, заттай айғақ еш жерде жоқ деп мәлімдеді. Ол Ысқақовтың министр болып тұрған кезінде қол қойған бір де бір құжаты бүгінге дейін өзгертілген жоқ деп атап көрсетті.
«Егер бұлай болса, демек бұл бұйрықтар заңға сәйкес болған және осы уақытқа дейін жұмыс істеуде», – деді экс-министрдің екінші адвокаты Роза Қуанышбаева сот отырысынан кейін баспасөз өкілдеріне.
Мемлекетке 1,172 миллиард теңге залал келтірілді деген айыппен де қорғаушылар келіспейді. Олардың пікірінше бұл сан аталған жобаға 2007-2008 жылдары бөлінген қаржыны қарапайым арифметикалық тәсілмен қосу арқылы шығарыла салған.
«Жойылуға тиіс 15 мың конденсатордың ішінен қаржы полициясы 1040 (52 контейнер) конденсатордың Базель конвенциясының талаптарын бұза отырып оралғанын анықтады. Қазіргі уақытта 7 мыңнан аса конденсатор жөнелтіліп, жойылған. Қалғандары
Айыптаулардың мазмұнынан Нұрлан Ысқақовқа қана емес, сотқа тартылып жатқан өзгелерге де тағылып отырған іске қатысты күмәнға толы көптеген сауалдар туындайды
Адвокат Ермек Бектасов «айыптаулардың мазмұнынан Нұрлан Ысқақовқа қана емес, сотқа тартылып жатқан өзгелерге де тағылып отырған іске қатысты күмәнға толы көптеген сауалдар туындайды» дейді.
ӘМИНА БРӘЛИЕВА: «БҰЛ ТЕНДЕРГЕ КҮЙЕУІМНІҢ ҚАТЫСЫ БОЛҒАН ЕМЕС»
Азаттық тілшісі Нұрлан Ысқақов пен Әлжан Брәлиевтің зайыптарымен кездескен еді. Өз жұбайларының кінәсі жоқтығына шүбә келтірмейтін әйелдер сот оларды ақтайды деген сенімде.
«Мен оны толық ақтайтындығына сенімдімін. Басқаша болуы мүмкін емес. Оған қатысты істі сыбайлас жемқорлық түгілі ұқыпсыздық деп айтуға да келмейді», – деп санайды бұрынғы вице-министр Әлжан Брәлиевтің зайыбы Әмина Брәлиева.
Азаттық радиосына берген сұхбатында Әмина Брәлиева қаржы полициясы таққан айыптармен танысқанын, «қылмыстық іс бойынша сегіз айда жиналған 34 томдық материалдың ішіндегі 150 куәгердің бір де біреуі тура да, жанама түрде де» күйеуіне қарсы куәгерлік бермегенін айтты.
«Менің күйеуім конденсаторларды утилдеу жөніндегі тендерлік комиссияның төрағасы болған 2007 жылдағы тендер бойынша қаржы полициясының қояр кінәсі жоқ. 2007 жылы бөлінген 285 миллион теңге толықтай игеріліп, мердігер-компания өзіне алған міндеттемелерін орындаған. Барлық әңгіме конденсаторларды жою жұмыстарын жалғастыру туралы 2008 жылы өткізілген тендердің айналасында басталды. Бөлінген 984 миллион теңгенің, айыптаушылардың пікірі бойынша, белгісіз жағдайда 522 миллион теңгесі ұрланды делінген екінші тендерде менің күйеуім тендерлік комиссияның мүшесі де болмаған. Оның екінші тендерге қандай қатысы бар?» – дейді Әмина Брәлиева.
Әмина Брәлиева Азаттық радиосының тілшісімен болған әңгімеде 35 жасар күйеуінің осы уақытқа дейін қызметте табысты көтерілуінің құпиясын айтып берді.
Оның айтуынша, Әлжан Брәлиев Алматыда қарапайым интеллигенттің отбасында дүниеге келген. Әкесі – мүсінші, анасы Наталья Брәлиева – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының [ҚМБА] оқытушысы.
«Оған оқуының ақшасын төлеуге немесе қызметінің көтерілуіне демеу беретіндей біздің бай, ықпалды туыстарымыз жоқ. Әлжан орта мектептің алтын медалі болсын, ҚМБА мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша ол бітірген Нью-Йорк штатындағы Сент-Лоренс университетінің қызыл дипломдары болсын – осы табыстарының барлығына ол таза өз еңбегімен жетті.
Гарвард жоғары басқару мектебіндегі үшінші қызыл дипломына да ол Әлемдік банк пен Гарвардтың грантын ұтып алған соң қол жеткізді. Оның суреті ондағы құрмет тақтасында әлі күнге дейін ілулі тұр», – деді Әмина Брәлиева.
Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүзден аса қызметкері, «Болашақ» бағдарламасы бітірушілерінің қауымдастығы күйеуі туралы жылы сөздер айтып, қолдау білдіргенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Әлжан Брәлиев тұтқындалған алғашқы күндерден-ақ күйеуінің әріптестері мен жақындары оған араша түсіп, ол туралы жақсы лебіздерін білдіріп тиісті органдарға өтініш жолдағанын ризашылықпен айтты. «Осыншама адамның қателесулері мүмкін емес!» деп есептейді Әмина Брәлиева.
«ОЛ ЖҰМЫСҚА АВТОБУСПЕН БАРАТЫН»
Әмина Брәлиева қазіргі шулы іс пен қаржы полициясы 2005 жылы Әлжан Брәлиевке қатысты қозғаған қылмыстық істі салыстыра қарайды.
Ол кезде білім және ғылым министрлігінің жанындағы халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығының директоры қызметінде болған Әлжан Брәлиевті «Болашақ» бағдарламасы бойынша квоталарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп айыптаған болатын.
2007 жылы қалалық прокуратура, кейінірек Бас прокуратура қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық істі қысқартты. Олардың шешімінде Әлжан Брәлиевтің «заң аясында, өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес жұмысын атқарғандығы» жазылған.
Брәлиевтер отбасы ел арасында «Жеті бөшке» аталатын әлеуметтік тұрғын жай кешеніндегі үйде тұрады. Астана, 16 маусым 2009 ж.