- Заң жобасына сәйкес, қаржы министрлігінде қаржылық мониторинг агенттігі құрылатын болады. Агенттіктің негізгі мақсаты – қаржылық бақылау субъектісі арқылы күмәнді қаржылық операциялар туралы ақпарат жинау. Қаржылық бақылау субъектісіне банктер, сақтандыру компанияларымен қатар адвокаттар да кіріп отыр. Яғни, олар адвокатқа өзінің клиентінің қаржылық операциялары, мүлік туралы келісімдері туралы барлық ақпараттарды аталмыш агенттікке беруге міндеттейін деп отыр. Осылайша олар адвокаттарды «ресми өсекші» қылмақшы, - дейді Қазақстан Адвокаттар одағының президенті Әнуар Түгел.
Сонымен, Қазақстан адвокаттары «адвокаттық құпияға» қауіп төніп тұр деп дабыл қағуда. Олар клиенттерінің қаржылық операциялары туралы ақпаратты «мемлекеттік органға» тасып, «өсекші» болғылары келмейді.
Олардың пікірінше, бұл заң жобасы қабылданатын болса, адвокатура институтының жойылуына әкеледі дейді.
- Әрбір азаматтың адвокатқа келіп, өзінің жағдайын айтқанының өзі құпия болып есептеледі. Ал егер адвокат өзіне сеніп келген азаматтың кейбір қаржылық мәселесін немесе күнделікті істеп жатқан шаруасын тиісті органдарға айтатын болса, онда адвокаттық жұмыстың мәні кетеді. Адвокаттық құпия - бұл адвокат жұмысының принципі. Онсыз біз ешкімді де қорғай алмаймыз, ешкім де бізге сенбейді. Әрине, бұл адвокаттарға ғана емес, қарапайым азаматтарға да қатысты мәселе, - дейді адвокаттар қауымдастығының Алматы қалалық бөлімшесінің төрағасы Кенжеғали Карчегенов.
Мамандар «адвокаттық құпия» ұғымының өзіндік даму тарихы бар және оның сақталуы дамыған мемлекеттерде қатаң бақыланады, ал, адвокаттың өз «клиентінің сырын ашуы» христиан дінбасының «сатқындығымен» тең дейді.
Аталмыш заң жобасындағы мұндай өзгертулерді құптайтын мамандар да бар. Заң жобасымен таныс еместігін ескерткен сенатор Қуаныш Айтаханов десе де, ірі көлемде қаржылық операциялар туралы мемлекеттің хабардар болуы тиіс деген пікірді айтады:
- Мәселе ірі көлемдегі қаржы операциясы туралы болса, онда міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бізде қазір қаржы министрлігі жанынан қаржыға бақылау жасайтын арнайы комитет ашылды. Мұндай комитет Ресейде бұрыннан бар. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтады. Онан соң біздегі үлкен көлемдегі қаржылардың қайда барғанын бақылауда мемлекетке үлкен жәрдем береді. Мәселен, ірі көлемдегі қаржылар БТА банкінен шетелге кетіп қалған т.б Ал сол қаржыларды бақылап, біліп отыратын болсақ, ол шетелге кетпей, өзіміздің экономикамызға жұмыс істеген болса, онда біздің жағдайымыз жақсы болар ма еді деп ойлаймын,– дейді Айтаханов.
Адвокаттардың ендігі үміті– алдағы күндері аталмыш заң жобасын талқылайтын сенаторларда.