Қазталов ауданының энциклопедиясында әйгілі қазақ батырының есімі екі рет айтылса да, екеуінде де айтарлықтай қате кеткен. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісіне Ахмедияр Құсайыновтың ұлы Ерсайын Ахмедиярұлы мәлім етті.
Ерсайын Ахмедиярұлы кітапты құрастырушылардың жауапты іске салғырттық танытқандығын айтады. Олар тіпті басылымда жарық көрер деректерді тағы бір мәрте тексеріп алуды жөн санамаған деп кінәлайды батырдың ұлы.
– Қалай дегенмен де, мұндай көлемді кітапты құрастырушылардың бұл жазып шыққаны телеарна дикторының тілін жаттықтыру үшін шығарылған еңбек сияқты. Мұның бәріне кінәлі бір адам ғана деп есептеймін, ол – осы ауданның әкімі Есентай Қалиев. Өйткені, жан-жақты тексеріліп, елеп-екшеуден өтпеген энциклопедияны басып шығаруға рұқсат берген сол емес пе? Есеп берген кезде осындай жұмыс атқарылды деп бұрыштама қоя салады. Іс бітті, қу кетті. Ал жергілікті халық үшін бұл келер ұрпаққа берері мол шежірелі тарих емес пе? – деп қынжылыс білдіреді Ерсайын Ахмедиярұлы.
Энциклопедияда қазақ батырының аты мен тегінің орны ауыстырылып берілген: "...Жалпақтал ауылында ұзақ жылдар бойы Совет Одағының батыры Хұсайын Ахмедияров басшылық қызметтер атқарды", - деп жазылған. Бұған қоса авторлар қазақ батырының туған күнін де қате жазған.
Оған қоса, ұрпақтары Совет Одағы батырының кітаптағы бет-бейнесінің де шындыққа қиыспайтынына қатты назалы.
– Фотосуретте бейнеленген адамның денесі менің әкемдікіне ұқсамайды да. Бұл – фотомонтаж. Совет Одағының батыры, қала берді, бүгінде марқұм болған көзі жоқ адамның аруағын осылайша қорлауға бола ма? Біз жастарды өткенді өнеге тұтып, тарихты қадірлеуді үгіттейміз, сөйте тұра өзіміз білместің ісін жасаймыз. Шенеуніктер бойынан табылатын немкеттілікке ұласатын салдыр-салақтық әдеттен арылар кезіміз жетті ғой, - деп кейіс білдіреді батырдың ұлы Ерсайын Ахмедиярұлы.
Ауданның мерейтойына орайластырылған энциклопедия туралы болған іске түсінік беруден аталмыш ауданның әкімі Есентай Қалиевке қолқа салғанымызбен, ол кісі Азаттыққа сұхбат беруден бас тартты.
Ахмедияр Құсайынов 1924 жылы Бөкей Ордасында дүниеге келген. 18 жасында майданға аттанған ол 19 жасында Мелитополь қаласын жаудан азат ету ұрысында ерлік көрсеткені үшін Совет Одағының Батыры атағына ұсынылған.