Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (6 – 11 мамыр) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Соғыс кезінде тұтқында болғандарды Президентіміздің бір Жарлығымен ақтауға болмай ма. Енді тәуелсіз елміз дегенде айқайымыз жер жарады. Ол адамдар соғысқа өз еркімен барған жоқ қой. Соғыс тұтқынсыз болмайды, кешірім керек, кешіруіміз керек. Мен оларды ақтауды қолдаймын.

Түркістан легионері ақталғысы келеді» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Үкімет әлеуметтік проблемаларды, оның ішінде баспана мәселесін шешуге қауқарсыз болып отыр. Жер көп болса да жай жоқ, мұнай көп болса да май жоқ. Қазақиядағы реформалардың ешқайсысы да жемқорлық пен бюрократия салдарынан нәтиже бермей отыр. Қара халыққа, әсіресе жастарға обал-ақ...

Осы күні ҚР-дың барлық қалаларында "саяжай тұрғындары" дейтін төмен статусты әлеуметтік топ пайда болды. Бұл ненің жемісі сонда?

Саяжай тұрғындары «ауыл мәртебесін» сұрайды» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Әрине, тары салу оңай емес қой.Оның өзі үлкен еңбек. Жанар сіңілімнің отбасы жағдайы мені ойландырып тастады.Қазіргі заманда бір үйде үш отбасы 15 баламен тұруы өте қиын.Сол елдімекеннің басшылары осындай отбасыларға неге жәрдем көрсетпейді!

Шалқарлық әйел отбасын тары салып бағады» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG