Accessibility links

Үздік үш комментарий


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (25 – 30 наурыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


ҚАЗАҚ, ҚАЗАҚИЯ

Міне, қызық! Дәріханадағы дәрінің кесірінен адам өлсе - айыппұл. Біреуді ұрып, орташа дене жарақатын салса - айыппұл. Дәрігер біреуді "байқаусызда" (білімсіздігінен) өлтіріп алса - айыппұл. Ал біреуге бірдеңе десең, әкімшілік емес, қылмыстық жауапқа тартылады екенсің. "Сөз сүйектен өтеді" дегенді мықтап ұстанамыз-ау, ә!

Қазақстанда «жала жапқанды» қатаң жазалайды» атты мақалаға жазылған пікір)


АМАНТАЙ, АЛМАТЫ

Бұл полиция қызметкерлерінің немқұрайлығынан емес, пара талап етуінен болатын бассыздық. Кезінде жекешелендіруге қатыстырмас үшін қолдан әдейі кешеулеткен болса, бүгінде төлқұжатты оралман көтере алмас пара алу үшін созбақтап отырады. Азаматтық ала алмай жүрген әр оралман үйінің есігінің алдына осындай плакат іліп қою акциясын бастап, мониторинг жүргізуді қолға алу керек екен.

Оралман наразылық танытқан соң құжат иеленді» атты мақалаға жазылған пікір)


АТЫ-ЖӨНІ КӨРСЕТІЛМЕГЕН

Тарихтағы диктаторлардың бәрiнiң өмiрi аянышты аяқталған. 21-шi ғасырдағы диктаторлардың өмiрiнiң аяғы олардан да өткен. Өте аянышты.

Каримовтың денсаулығы туралы болжам көбейді» атты мақалаға жазылған пікір)

P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.
XS
SM
MD
LG