Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (4 – 8 наурыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
JYLY
Біздегі университеттерге не жетпейді? Зерттеу ме? Құрылыс па? Маман ба? материал қоры ма? Оқыту дәстүрі ме? Әйтеу бір жері бастауыш мектептен айырмашылығы жоқ құсап тұрады. Біздегі университеттерді жастарға арналған бастауыш мектеп десе болатын секілді.
(«Әзербайжанға демократиялық өзгеріс жақындап қалды» атты мақалаға жазылған пікір)
АРМАН, ТАРАЗ
Ресейде, Украинада, Әзірбайжанда, Түркияда, т.б. елдерде шетелдік (Discovery, Disney, MTV, EuroSport, т.б.) арналарын өздерінің мемлекеттік тілдеріне аударып (дубляж) мемлекеттерінде хабар таратады. Мысалы, телеарналарды ашқанша, шетелдік арналарды қазақ тіліне дубляждау керек. Біз өзіміздің тілімізде көргіміз келеді!
(«Шетелдік бірнеше телеарна көрсетілмейтін болды» атты мақалаға жазылған пікір)
ЕСЕНҒАЛИ, ҚОЖА ЕЛІНЕН
"Ішкеннен қалған суға ыдыс жуып, ыдыс жуылған сумен ары қарай еден жуу керек". Күшті экономист екен?! Біздің жас кезімізде 5 жұлдызды Леонидтің патшалық еткен заманда "экономия должна быть экономной" деген есалаң ұран бар еді. Мына сабаздың экономиясы соған ұқсас екен. Бұндай экономисті "Нобель" сыйлығына ұсынбасақ ұят болатын шығар? Нетіп, неғылып көкесіне ұнамай қалмаса, өсетіні көрініп тұр.
(«Байбекті мысқылдамаған әлеуметтік желі қалмады» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.