Accessibility links

Лукашенко ұстаған автоматты бен Ладен мен әл-Бағдади да ұнататын


Ең заманауи қару-жарақ арсеналы бола тұра, Беларусь басшысы неліктен ең атышулы екі террористің қолындағыдай қаруды ұстап жүр?
Ең заманауи қару-жарақ арсеналы бола тұра, Беларусь басшысы неліктен ең атышулы екі террористің қолындағыдай қаруды ұстап жүр?

23 тамызда Минск көшелерінде наразылық өтіп жатқанда Беларусь президенті Александр Лукашенко резиденцииясына тікұшақпен қонып, қолына әскери қару ұстап түсті. Кейбір бақылаушылар әлдебір ескі видеоны көргендей аң-таң болды. "Әл-Каида" басшысы Осама бен Ладен дәл осы қару түрімен жиі суретке түскен. "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының (Қазақстанда террористік деп жұмысына тыйым салынған ұйым – Ред.) басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади де қарудың осы түрін жақсы көрген.

АКС-74У – атқанда жарқылды азайту үшін тұмсығы конус болып келетін автоматтың түрі. Ал қысқа сапты қарулардың көбінің проблемасы –қараңғыда атып тұрған адамның көзі көрмей қалады.
АКС-74У – атқанда жарқылды азайту үшін тұмсығы конус болып келетін автоматтың түрі. Ал қысқа сапты қарулардың көбінің проблемасы –қараңғыда атып тұрған адамның көзі көрмей қалады.

Лукашенко сермеп жүрген қару – Совет одағында жасалған АКС-74У автоматы, бұл – әлемдегі әскерилер жиі қолданатын AK-74 (Автомат Калашников) қаруының жеңілдеу түрі. АКС-74У алғаш рет 1979 жылы жасалды және сабы қысқа болғандықтан ол AK-74-ке қарағанда әлсіз әрі дәлдігі төмендеу саналады.

2001 жылы жазылған сұхбатта Осама бен Ладен (cол жақта) орынбасары Айман әл-Завахиридің қасында отыр. Бұл – "әл-Каида" басшысының АКС-74У автоматын ұстап отырған суреттерінің бірі.
2001 жылы жазылған сұхбатта Осама бен Ладен (cол жақта) орынбасары Айман әл-Завахиридің қасында отыр. Бұл – "әл-Каида" басшысының АКС-74У автоматын ұстап отырған суреттерінің бірі.

АКС-74У атауындағы "С" – орыстың "складной", яғни "жиналмалы" деген сөзінен, ал "У" – "укороченный", яки "қысқартылған" сөзінен алынған. Автомат ерекше дизайнерлік талғаммен әзірленген. АКС-74У автоматының ұзындығы AK-74-тің жартысындай ғана болады. Ол тапаншадан күштірек, танк немесе бронды көліктің іші сияқты тар жерлерде қолдануға ыңғайлы жеке қару ретінде жасалған.

Бағдади АКС-74У автоматын ұстап отыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол қаза тапқан соң жасырынған үйінен автомат пен алты оқсауыт табылған.
Бағдади АКС-74У автоматын ұстап отыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол қаза тапқан соң жасырынған үйінен автомат пен алты оқсауыт табылған.

Бен Ладен АКС-74У автоматына символдық мәні болғаны үшін ерекше қызыққан деген сөз бар. 1979-89 жылдары АуғанстандыСовет одағының оккупациялауына жиһадшылар қарсы шыққан тұста ең заманауи қаруды қара нарықта сатып алу мүлде мүмкін емес еді. Сондықтан жиһадшылардың қолындағы бұл қару совет солдатын тізе бүктірудің белгісі саналған. Бен Ладен мен әл-Бағдади сияқты террористік топ басшылары үшін бұл қарудың ыңғайлы тұсы – қысқалығы, яғни Совет одағында жасалған ұзындығы бір метрге жуық басқа қарулардай емес, оларды жасыру оңай.

Минскідегі Тәуелсіздік сарайының алдында арнайы жасаққа алғыс айтқан Лукашенко қолына АКС-74У автоматын ұстап тұр. 23 тамыз, 2020 жыл.
Минскідегі Тәуелсіздік сарайының алдында арнайы жасаққа алғыс айтқан Лукашенко қолына АКС-74У автоматын ұстап тұр. 23 тамыз, 2020 жыл.

Әскерінің қолында ең заманауи қаруы бар, айналасында кеңістік жеткілікті Лукашенко алысты дәл көздей алмайтын ондаған жыл бұрын жасалған Калашников автоматын неге ұстап шықты?Бұған Лукашенконың әскердегі өткен өмірі себеп болуы мүмкін. Армиядағы соңғы жылында Лукашенко танк батальонында әскери борышын өтеген, сонда ол дәл осы автоматты ұстаған болуы мүмкін. Демек, АКС-74У – Беларусь президентінің Совет одағынан қалған жеке жәдігері болуы мүмкін.

Беларусьтегі жағдай

Құрметті оқырман! Беларусьтегі билікке қарсы наразылық жайлы барлық ақпаратты Азаттықтың арнайы парақшасынан оқи отырыңыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG