Ресей азаматтығын алған француз киножұлдызы Жерар Депардье Әзербайжанда жаңа жобаға қатысты. Әзербайжанның туризм министрлігі Euronews телеарнасына арнап түсірген бұл жарнамада француз актері әзербайжанның ұлттық ас мәзірін мақтайды.
КЕЗЕКТІ ЖОБА
Жарнаманың сюжет желісі мынандай: әзербайжанның ұлттық тағамдары қойылған дастархан басында отырған Депардьеге сценарий авторы елдің табиғи сұлулығы туралы фильм сценарийінен үзінді оқиды.
Мол дастархандағы түрлі тағамға тамсанған актер фильмнің сценарийін ұмытып кетеді. «Осындай ас дайындайтын ел дана болса керек» дейді Депардье «Армандар орындалады» деп аталатын жарнамада.
Әзербайжанның бұқаралық ақпарат құралдары танымал актердің коммерциялық жобаға қатысатыны туралы 2011 жылдың маусымында хабарлаған еді. Депардье бұған дейін де Кавказда болып, осы тәрізді жобаға түскен. Ол 2011 жылы ол Арменияның «Армавиа» компаниясын жарнамалаған.
«РЕСЕЙ АЗАМАТЫ»
Франция үкіметінің салық саясатына наразылық бідіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің қолынан орыс азаматтығын алған Жерар Депардье соңғы айлардағы жаңалықтардың басты тақырыбына айналды. Постсоветтік елдерде тұратын этникалық орыстардың көбі өздері бірнеше жылдап ала алмай жүрген азаматтыққа актердің бірнеше күнде ие болып шыға келгеніне наразылық білдірді.
Биыл сәуірдің басында Грозный қаласында зәулім үй өртенгенде де француз актері көпшіліктің назарына ілікті. Сол көпқабатты кешеннен Депардьеге Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пәтер сыйлаған еді. Әлеуметтік желі қолданушылардың біразы осы оқиғаны әжуаға айналдырып, «Депардье шылымын сөндірмей ұйықтап қалып, өрттің шығуына себепкер болған шығар» деп жазды.
Жерар Депардье биыл қаңтар айында Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримовамен да бірге ән айтып, видеоклипке түскен еді.
(Мақаланы аударған Динара Әлімжан)