Чехиялық үш экспедиция Сібірдің қиян түкпірінде орналасқан, сталиндік қуғын-сүргін заманында адамдар ауыр еңбек азабын тартқан бұрынғы лагерлердің қираған қазбаларын картаға түсірді.
«АЖАЛ ЖОЛЫ»
Өткен аптада іске қосылған жаңа сайтты құрастырушылар миллиондаған совет тұрғындарының сүйегі қалған Сібірдегі ГУЛАГ лагерлерінде болған шынайы оқиғаны бүгінгі көрерменнің көз алдына елестетуді мақсат еткен.
ГУЛАГ туралы бәрін білеміз деп сеніммен айтуға болмас. Совет Одағында адамдарды мәжбүрлеп жұмысқа салған ГУЛАГ-тың сұмдығы туралы құжат-деректер жеткілікті. Бірақ миллиондаған тұтқындар зорығып өлгенше еңбек еткен «архипелагтың» құпиясы ашылмаған беттері әлі де көп. Солардың бірі - 1947 жылы солтүстік Сібір жазығы арқылы Ресейдің шығыс аймағына дейін салынады деп жоспарланған темір жол құрылысы болатын. Оған «Ажал жолы» деген атау беріліпті.
1953 жылы Сталин қайтыс болып, құрылыс тоқтап қалған кезде, миллиардтаған рубль мен мыңдаған адамның өмірін жалмаған 700 шақырымдық темір жол құрылысы сол қалпы аяқсыз қалған. Адамдар аз қоныстанған полярлық тайганың түкпірінде қалған лагерлер қазір шіруге айналды, бұл аймаққа келіп, зерттеу жүргізгендер некен-саяқ.
Чех зерттеушісі Штепан Чернушек сол кемшіліктің орнын толтыруға ұмтылған ғалымдардың бірі.
- Алыс түкпірде орналасқандықтан, бұл лагерлер әлі күнге дейін сол қалпында сақталған. Спутник картасынан лагердің қалдығын көргенде таң қалдым. Олардың ішкі құрылысы қандай екенін көргім келді, бірақ интернеттен еш дерек таба алмадым. Сондықтан өз көзіммен барып көрейін деп шештім, - дейді ол.
Чернушек пен оның әріптестері алғаш рет ГУЛАГ лагерлерін 2009 жылы аралаған, содан кейін тағы екі рет барған. Оның айтуынша, бұл орындардың тарихи маңызы болғанына қарамастан, жергілікті халық қызығушылық танытпайды, сондықтан зерттелмеген күйі айналасындағы орманға жұтылып кету қаупі бар.
- Тайгадағы ГУЛАГ лагерлері 60 жылдан бері қирай бастаған, оларды ешкім қарап, күтпейді, құнды айғақ деп қызығушылық танытпайды. Оларға орманның ортасында тұрған әшейін лагерлер деп қарайды. Жергілікті аңшылар кейде ішіне кіріп, ағаш сақтайды, солайша қирап-бүлінуіне олар да ықпал етеді. Лагерлерге кіру үшін ешкімнен рұқсат алудың қажеті жоқ, мүлдем қараусыз жатыр. Біз оған еркін кірдік, жергілікті тұрғындар бізді осы өңірмен танысып жүрген шетелдік туристер деп жорамалдаған шығар, - дейді зерттеуші.
ВИРТУАЛДЫ САЯХАТ
Бір жағынан алғанда, лагерлердің қараусыз қалғаны Чернушекке тиімді де болды. Ол әріптестерімен бірге ондаған жылдар бойы адам қолы тимеген, бағалы тарихи деректерге ие болды.
- Сол жерден тапқан дүниелерімізді әлі толық зерттеп, құжаттап болған жоқпыз. Бірақ тайганың ең түкпіріне барып, тұтқындардың жеке заттарын тауып алдық. Пышақ, ұстара сияқты заттармен бірге маңызды құжаттар – хаттар да сақталыпты. Бір тұтқынның лагерь ауруханасының әжетханасына тыққан күнделігін де таптық. Онда тұтқынның жазған өлеңдері бар екен. Құжаттарға қарап отырып тұтқындардың көбі зиялы, көзі ашық жандар болғанын, әділетсіз қамалып, ауыр жағдайда өмір сүргендерін аңғардық, - дейді ол.
Чернушектің еңбегі арқасында сол материалдарды интернеттен көруге болады. Gulag.cz жобасы тайгадағы лагерлерді араламай-ақ, сол замандағы адамдардың ауыр еңбегімен танысуға мүмкіндік береді. Сайттан тұтқындардың ресми және жеке құжаттарын, дәрі-дәрмек, суреттер, тіпті олар пайдаланған гитара сияқты заттарды көруге болады. Лагердің кейбір бөліктеріне «виртуалды саяхат» жасауға мүмкіндік беретін панорамалық суреттер де бар.
Осы кезге дейін 360 деңгейлі көріністің 30 бейнесі жүктелген, енді ондаған көріністер кезекте тұр. Вышеград қорының арқасында Gulag.cz лагерде тіршілік еткен чех азаматтарының тағдыры туралы дерек жинайды. Зерттеу жұмысына Тоталитарлық режимді зерттеу жөніндегі Прага институты да атсалысады. Польша, Венгрия және Словакиялық тұтқындардың тағдырын зерттеуге сол елдердегі тарихи институттар жәрдемдесер деген үміт бар.
ФОТОГАЛЕРЕЯ: «Ажал жолындағы» лагерлер
Сайтта суреттерге қосымша лагерь азаптарынан аман қалған тұтқындардың дауыстары жазылған аудиожазбалар да бар. Солайша көрермен лагердегі өмір туралы барынша толық дерек алады. Әйткенмен виртуалды саяхат сол кездегі сұмдық жағдайды, тұтқындардың азабын толық сипаттап бере алмасы анық. Чернушектің пікірінше, оны сезіну үшін "бастан өткеру керек".
- Осы өлкеде жұмыс істеген тұтқындар «үш ай жаз, қалғаны қыс» деп айтады екен. Оның шындық екеніне көз жеткіздік. Біз қыркүйекте барғанда күн әлі ыстық еді - 20 градус шамасында болды, маса мен шіркейдің көптігі сондай, жұмыс істеуге еш мүмкіндік болмады. Бірнеше күн өткен соң ауа-райы күрт өзгеріп, 11-қыркүйекте қар жауды. Солайша аяқ астынан қыс түсті. Адамдарға қолайлы мерзім жоқ деуге болар. Күн жылы болса маса мен шіркейге таланасың, ал қыста үскірік аяз бет қаратпайды, - дейді зерттеуші.
Коилин О’Коннордың мақаласын аударған – Динара Әлімжан