Accessibility links

"АҚШ-тың Ресеймен арадағы зымыран келісімінен шығуы - қателік"


СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев. Мәскеу, 9 мамыр 2018 жыл
СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев. Мәскеу, 9 мамыр 2018 жыл

СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачев "АҚШ-тың Орта және жақын қашықтық зымырандарын қысқарту келісім-шартынан (ОЖҚЗ) шығуға тырысуы – қателік" деп мәлімдеді.

Бұрынғы СССР-дің жетекшісі мұндай шешім әлемдегі ядролық қарусыздану саясатын өзгертуі мүмкін деп санайды.

"Қарусыздануға қатысты бұрынғы келісімдерді жоюға болмайды. Бұл келісімдерден бас тарту – ақылға қонымды әрекет емес. ОЖҚЗ туралы келісімнен бас тарту - қателік" - деді Горбачев "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында.

Горбачев 1987 жылы желтоқсанның 8-і күні Вашингтонда аталған келісімге қол қойған.

АҚШ президенті Рональд Рейган және СССР президенті Михаил Горбачев. 1985 жыл
АҚШ президенті Рональд Рейган және СССР президенті Михаил Горбачев. 1985 жыл

Ол Вашингтонның келісімнен шығу туралы шешімін әлемдік көшбасшылар қолдамағанын қалайды. "Ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды шектеуге арналған барлық келісімдерді Жер бетіндегі өмірді сақтап қалу үшін бұзбау керек" - деді ол.

Жақында АҚШ президенті өздерінің ОЖҚЗ-дан шығатындарын, себебі Ресейдің келісімдегі шарттарды бірнеше рет бұзғанын мәлімдеген. Ұлыбритания қорғаныс министрі Гэвин Уилльямсон Трамптың келісімнен шығу туралы шешімін Ұлыбританияның да қолдайтынын айтты. Мәскеуде бұл мәлімдемені "бопсалау" деп атады.

Дональд Трамп: АҚШ-тың зымыран туралы келісімнен шығатыны туралы

Трамп – о выходе США из договора с Россией о ракетах средней и меньшей дальности
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

«Еске сала кетейік, шарттың 15-і бабы бойынша одан түбегейлі түрде шығуға болады - бірақ айрықша жағдай туындаса ғана, соны негіздей отырып алты айға шыға алады. Әзірше, бұл тарапта ресми қадам жасалмады, сондықтан Трамптың мәлімдемесі заңдық акт емес, бопсалау» - деп жазды Facebook парақшасына Халықаралық істер жөніндегі федерация кеңесі комитетінің төрағасы Константин Косачев.

Шарт АҚШ пен оның Еуропа және Қиыр Шығыстағы одақтастарының қорғанысына арналған. Ол бойынша АҚШ пен Ресейдің 300-ден 3 мың 400 мильге дейінгі әсер ету радиусы бар қанатты жер зымырандарын сақтауына, өндіруіне және сынауына болмайды.

АҚШ-тың мәлімдеуінше, шешімге Ресейдің шартты бұзуы ықпал еткен - Ресей Еуропада ядролық оқтұмсықтар жіберуге қабілетті шағын радиустан әрекет ететін зымырандарды орналастыра бастаған.

Екі апта бұрын НАТО елдері қорғаныс министрлерімен кездесу кезінде Пентагон басшысы Джим Мэттис Ресейдің әрекетін "орынсыз" қимыл деп атады. "Мәскеу бүйте берсе, Вашингтон жаңа ресейлік зымырандарға қарсы тұратын қару жасауға мәжбүр болады" деп ескертті.

АҚШ Қытайдың да орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандар жасауға қызу кіріскеніне алаңдайды. Төрт жыл бұрын АҚШ бірінші рет Ресейге ОЖҚЗ туралы келісімді бұзатын іс-қимылға шара қолданатынын ресми түрде ескерткен.

Бұл шарттың күшін жою туралы мәселені Барак Обаманың әкімшілігі де қараған. Бірақ ол кезде АҚШ Германия қарсы болғандықтан және қару жасау бәсекесі басталады деп қауіптенгендіктен бұл қадамнан бас тартқан еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG