Алматы мен Астана әкімдері өз есептерінде көп балалы аналар мәселесін ерекше атап айтты. Астанада 4 ақпанға қараған түні бес бала қаза тапқан өрттен соң Қазақстанның бірнеше аймағында басталған көп балалы аналар наразылығынан кейін үкімет жанынан халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобын вице-премьер Ерболат Досаев басқарады.
Сәрсенбі күні таңертең Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің есепті жиыны өтетін Республика сарайының жанында полиция көліктерімен бірге өрт сөндіретін арнайы техника да тұрды.
Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов тұрғындардан көп балалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке қатысты көптеген арыз-өтініштер түсетінін айтқан.
"Көп балалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек – күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Нақты ақпар анықталып жатыр. Қазіргі күні есептеу әдістемесінің ерекшеліктеріне сай 10 мың осындай отбасының тек 4 папцйзы (434 отбасы) ғана атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Бұл – өте төмен көрсеткіш" деген әкім.
Сәрсенбі күні Алматы әкімі Бауыржан Байбектің есепті жиынына бармақшы болған бірнеше белсендіні полиция ұстағаны хабарланды. "Көкжайлауды қорғайық!" қозғалысының белсендісі Андрей Бузыкинді ұстап, Медеу аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев өзін Республика сарайының жанында автобустан түскен кезде полиция ұстап, бөлімшеге әкетіп бара жатқаны туралы әлеуметтік желі арқылы хабарлады. Белсенді Марат Тұрымбетов өзіне "полицейлер келіп, бөлімшегі баруды сұрағанын" айтады. Liberty қоғамдық қоры жетекшісі Ғалым Ағелеуовтің хабарлауынша, "заңсыз риэлторлармен күрескер" ретінде танымал Юрий Маленькийді Республика сарайында ұстап, полиция бөлімшесіне әкеткен.
ПІКІРЛЕР