Азия елдерінің саммитіне Трамп бармады
Сингапурда өтіп жатқан Оңтүстік Шығыс Азия елдері қауымдастығына мүше мемлекеттер мен ұйымға әріптес елдерінің саммиті барысында мемлекет басшылары 14 қарашада кешкі асқа жиналды. 33-ші саммитке қатысушы елдер жиында өзара әріптестікті дамыту, Мьянмадағы Рохинджа дағдарысы және Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіс мәселелерін талқылады. Жиынға АҚШ президенті Дональд Трамп барған жоқ. Оның орнына АҚШ вице- президенті Майк Пенс барған. АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық жағдай ушығып тұрған шақта Пенс бейсенбі күні Үнді-Тынық аймағында "империя мен агрессияға орын жоқ" деп мәлімдеді. Ол аймақта алып мемлекеттермен қатар шағын елдердің өркендеуіне мүмкіндіктері болуы керек деді.
ПІКІРЛЕР